Екі әкім тәрбиелеп шыққан Сапарбаев үш әкімге сөгіс жариялады ⠀

Malim Админ

  • 23.05.2020

Жамбыл облысында жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Статистикаға сәйкес, аймақта COVID-19 ауруының өсуі байқалады. Кризис-менеджер деген аты бар Бердібек САПАРБАЕВҚА бұл ұнай қойған жоқ. Өңірде соңғы 10 күннің ішінде 30 адам коронавирус жұқтырған.

24 наурызбен 21 мамыр аралығында 229 адам қатерлі инфекцияға шалдыққан.  Бердібек МӘШБЕКҰЛЫ Тараз қаласының әкімі Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ, Байзақ пен Талас ауданы әкімдері Нұржан НҰРЖІГІТОВ, Бақыт ҚАЗАНБАСОВҚА сөгіс жариялады. Облыс басшысының пікірінше бұл үш әкім карантин режиімін тиісті дәрежеде қамтамасыз етпеген.

«Карантиндік режимнің талаптары сақталуы керек және оған барлығы міндетті. Алайда, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында көптеген тұрғындар қорғаныш медициналық маскаларын пайдаланбауда, ал сауда орындары мен басқа да нысандарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптар орындалмай отыр. Айталық, Талас және Байзақ аудандарында бір жерде адамдардың көп жиналуына қатыс жағдайдың салдарынан аурушаңдықтың өсуі орын алған», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі  жергілікті атқарушы органдар мен салалық ведомство басшыларын халық арасында түсіндіру шараларын күшейтуге, кейінгі кездері жұмыстарын әлсіретіп алған мобильді топтардың қызметін қайта жандандыруға шақырды.

«Ахуал – алаңдатарлық күйде. Мұндай жағдайда карантин режимін тікелей бұзушыларға да, жаңа инфекция ошақтарының пайда болуына жол берген лауазымды тұлғаларға да қатаң шаралар қолдану қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өз өкілеттіктерін барынша батыл пайдаланғаны дұрыс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Коронавирус кесірінен Жамбыл облысында жайлы қызметімен қоштасқандар да бар. Карантинге жауапты Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетсе, Қордай, Байзақ және Талас ауданы әкімдерінің орынбасарларының жеке жауапкершілігі қаралады.

Қазақстанның бір емес, бес облысын басқарған Сапарбаев мырзаға біз сын айтудан аулақпыз. Тәжірбиесі мол шенеуніктің қандай да шешіміне күмән келтіре де алмайсың. Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын басқарған Жамбыл облысының әкімі отбасында да екі әкім тәрбиелеп шығарды. Олар: Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, (інісі) Жансұлтан САПАРБАЕВ (ұлы)  Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

Міне осындай біліктілігі бар Бердібек МӘШБЕКҰЛЫ Жамбыл облысындағы жағдайды жақсартары анық.

Фото: qazaquni.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Сапарбаев 61 млрд теңгені қалай игеріп жүргенін айтты

18.08.2020

Маска: Дәрігерлер тігеді, Сапарбаев суретке түседі

08.04.2020

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

08.02.2020

Сапарбаев: «Карантин сайлауға кедергі болмасын»

09.12.2020

Біртановпен бірге болған Мырзағалиевтің жағдайы қалай?

16.06.2020

Ноғаевтың жоспары қай жоспар?

13.10.2020
MalimBlocks
Сапарбаев 61 млрд теңгені қалай игеріп жүргенін айтты

Маска: Дәрігерлер тігеді, Сапарбаев суретке түседі

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

Сапарбаев: «Карантин сайлауға кедергі болмасын»

Біртановпен бірге болған Мырзағалиевтің жағдайы қалай?

Ноғаевтың жоспары қай жоспар?