Бас санитар дәрігер блокпостардың қашан алынатынын айтты

  • 26.05.2020
  • Malim Админ

Бас санитар дәрігер Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА қалалардың шығаберісіне қойылған блокпостар қашан алынады деген сұраққа жауап берді.

Қазіргі кезде қазақстандықтарға ұшақпен басқа қалаларға қатынауға рұқсат етілгенімен, қаланың сыртындағы және аймақтар арасындағы  блокпостар сол бойы алынбады.

"Шектеу шаралары жағдайға қарай кезең-кезеімен алынып жатыр. Әуе жолымен автомобиль көліктері, автобустармен салыстырғанда азырақ адам қатынайды. Бұл -бір. Екіншіден,  біз аймақтардағы ахуалды есепке аламыз. Аймақтардағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал бірдей емес. Бір аймақта көп, енді бірінде аз. Шектеу шараларын алғанда ауру аймаққа кірмесін, ауру тарап кетпесін дегенді назарға аламыз. Бірінші кезеңде әуе рейстері ашылды. келесі кезеңде теміржол ашылады. Бәлкім,бірден үшінші кезеңде айақтар арасындағы блокпостар алынар. Мүмкін, бірден аймақ ішіндегі блокпостар алынады. Аймақтар ахуалға қарай іштегі блокпостарды алып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова.

Байланысты жаналықтар

«Карантинге жатқызылған азаматтар ауру емес»

05.03.2020

Есірткіні бизнеске айналдырғандар ұсталды

11.07.2020

ДДСҰ не дейді, Біртанов не дейді?

05.06.2020

Талдықорғанның әкімі Назарбаевтың сөзін құлағына ілмепті

06.02.2020

Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облысынан да коронавирус табылды

24.03.2020

Нарынқолда қоныс той

21.11.2020