Тәймерденов пен Әзірбек жазаланды

  • 27.05.2020
  • Malim Админ

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ Алматы полиция департаменті басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылдады. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ Polisia.kz  медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ 25 мамырда Алматы облысындағы блок-бекетте  болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтады. Осы оқиғада екі полиция қызметкері қаза тапқан болатын.Тексеріс кезінде жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде олқылықтар болғаны анықталды. Тәртіп бұзған қызметкерлерге қатысты дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған. Сонымен қатар, БАҚ-қа ақпаратты бұрмалап ұсыну фактілеріне баға берілді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен басшылық қызметте жүрген тоғыз полицейге қатысты тәртіптік жазалау шарасы қабылданды.

– Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е. Сатаев;

– Алматы қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О. С. Мырзабеков;

– Алматы қаласы ПД Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О. Ақылбеков атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.

– Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М. А. Саттаровқа (бұрын полк командирі қызметін атқарған);

– Алматы қаласы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О. Көкірекбаевқа;

– Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А. Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.

– Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н. С Алмасбековке, Алматы қаласы ПД-нің бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К. Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды. Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қ.Д.Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.

«Әрбір басшы өзінің қарамағындағыларға жауапты. Ол жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс Алматы қаласының Полиция департаментінде тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылып қалдық, бір қызметкер ауыр дене жарақатын алды. Біздің барлығымыз үшін, әсіресе, туған-туысқандарымыз үшін бұл – үлкен қайғы-қасірет және орны толмас қаза. Сондықтан бұл төтенше жағдайға жол берген басшыларға тиісті шаралар қабылданды. ІІМ басшылығы алдағы уақытта да қызметтік тәртіпті сақтауды қатаң талап етіп, полиция қызметкерлерінің кез келген тәртіп бұзушылығына принципті баға беріп, жаңа жағдайда жұмы істегісі келмейтін немесе жұмыс істей алмайтын адамдардан өз қатарын тазалайтын болады», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Қос полицей Жарас ЖАНҒАЗИЕВ пен Дастан АБДЫҚАНОВТЫҢ өмірін қиған қайғылы оқиға Жаңа Ғасыр №4 блокбекетте болған. Тағы 05.26-да да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші полиция экипажын келіп соққан.

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі, адам шошырлық апаттың себепкері болған жүргізушінің полиция қызметкері екенін жоққа шығарған. Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК: «Мас жүргізуші полиция қызметкері емес, полицияда қызмет те етпеген. Әскери киім сататын жерден кез келген адам ондай киім ала алады» деген болатын.

Байланысты жаналықтар

Елбасы саясатын Тоқаев жетілдіре түседі

18.03.2020

Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті

19.04.2021

Әкімдердің есебі: «Жағдай тұрақты, кезек жоқ»

28.07.2020

Бекбаева Назарбаевқа орынбасар болды

11.11.2020

40 миллионнан астам совет азаматтары репрессияға ұшыраған

30.05.2020

Министр Ермекбаев отставкаға кете ме?

05.02.2020