Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Бұлаққа талас: қырғыз бен өзбек қақтығысып жатыр

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары жанжалдасып, бірнеше адам жарақат алып, үйлер өртенді.

Алмас НҮСІП Авторы: Алмас НҮСІП
01.06.2020
Қырғыз-Өзбек шекарасындағы жағдай, 31 мамыр, 2020 жыл. Фото: azattyk.org.

Қырғыз-Өзбек шекарасындағы жағдай, 31 мамыр, 2020 жыл. Фото: azattyk.org.

Share on FacebookShare on Twitter

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары арасында қақтығыс болып, бірнеше үй өртеніп, біраз адам жараланған. Бұл туралы Азаттық Радиосының Қырғыз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Қақтығыс 31 мамыр күні Қырғызстанның Баткен облысы мен Өзбекстанның Сох ауданының шектескен жерінде болған. Тұрғындар бір біріне тас атқан.

Әзірге екі елдің жауапты органдары да жағдайдың бақылауға алынғанын, тұрақталғанын хабарлады.

Жанжал түс уақытында басталып, жедел жәрдем мен полиция араласқанмен, кеш батқанша жалғасқан. Қырғыздың Чечме ауылының тұрғындары мен Өзбекстанның Чашма ауылының тұрғындары жыл сайынғы дәстүрмен Чечме бұлағын бірлесе тазалау кезінде бұл бұлақтың кімге тиесілі екенін айтып, содан дау қыза келе, соңы жанжалға ұласыпты.

Бұл бұлақ екі жаққа да ортақ, бірге пайдаланады. Бұған дейін де бірігіп тазалап жүрген. Бұдан бұрын да осы бұлақ үшін біраз жанжал болыпты.

Қазір екі жақты келісіммен, жағдайды тұрақтандыру, қайта болдырмау үшін келісім жасалып, жағдайды бірге бақылауға уағдаласты. Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі келісімсөздер бүгін де жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қақтығыс басталған сәттен бастап ҚР үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шиеленіскен жағдайды шешу және ушықтармау үшін жағдайды бақылауға алды, жергілікті басқарушы органдар мен құқыққорғау органдарына тиіс ті тапсырма берілді. Екі жақ 1 маусым күні де келісімсөздер жүргізуді жалғастырады», – делінген ҚР үкіметі таратқан хабарламада.

Қазіргі мәліметке сәйкес, Қырғыз жағынан 15; Өзбекстан жағынан 16 адам жараланған. Олардың аяқтары, қолдары сынып, бастары жарылған.

Айта кету керек, қырғыз-өзбек азаматтары арасында бұған дейін де бірнеше рет түрлі көлемдегі қақтығыстар болған. ҚР үкіметі екі арадағы даудың туындауына екі ел арасындағы шекараның толық делимитация жасалмауы, жерді пайдалануда даулы мәселелерді бар екені себеп болғанын да айтты.

Tags: жандалҚырғыз Респудликасықырғыз-өзбек шекарасықырғызсатнмемлекеттік шекараӨзбекстанұлтаралық қақтығыс

Ұқсас жазбалар

Фото: diapazon.kz

Жолдарды мақтайтын блогерлерге миллиондар бөлінбек

Авторы: Елнұр Бақытқызы
27.02.2021
0

Блог-турға баратын блогерлер мен тілшілерге қаламақы, қонақ үй мен ас-суы төленеді.

Malim Cinema: Параллель соғыстар («Мандариндер» фильміне көзқарас)  

Авторы: malim
27.02.2021
0

Фильмнің қысқаша мазмұны: Мандариндер» фильмі Грузия мен Эстония кинематографистерінің 2013 жылы бірлесе отырып түсірген жұмысы. Режиссері Заза Урушадзе.  Фильм сюжеті...

Фото: Prosprots.kz

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

Авторы: malim
26.02.2021
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы бүгін өткен брифигіде агенттіктің...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Саян Есжан

Саян Есжан. Біздің өмір – сандырағы қаланың

14.10.2020

Қазаққа «жер сыйлаған» Ресей депутаты түсініктеме берді

12.12.2020
Көрнекі сурет Rg.ru сайтынан алынды.

Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

29.04.2020

«Nur Otan» партиясының Түркістанға сапары

27.02.2020
Фото: tvzvezda.ru

Цой айтпаған цифрлар шошытады

17.07.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!