Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Казахстан әскер қуаты бойынша әлемдік рейтингте 19-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Malim.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
US News & World Report зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 87 елдің ішінде Өзбекстан (18-орын) мен Біріккен Араб Әмірліктері (20-орын) арасында орналасқан. Өзбекстан Қазақстаннан 0,2 балл артық жинап (16 балл), алға шыққан. Бұған дейін, яғни 2021 және 2022 жылдары Қазақстан көршісінен алда болған еді.
Зерттеу 17,2 мың респондент қатысқан сауалнама негізінде жүргізіліп, елдер 73 түрлі критерий бойынша бағаланған.
Әлемнің ең қуатты армияларының үштігіне Ресей, АҚШ және Қытай енді.
Олардан кейін Израиль – 4-орында, Украина – 6-орында.
Салыстыру үшін әскери шығын келесідей:
- АҚШ – 876,9 млрд доллар
- Қытай – 292 млрд доллар
- Ресей – 86,4 млрд доллар
Қазақстан 2022 жылы 1,1 млрд доллар жұмсаса, 2024 жылы қаржыны 1,2 трлн теңгеге дейін (шамамен 2,4 млрд доллар) ұлғайту жоспарлап отыр.
Айта кетейік, SIPRI дерегіне сәйкес, 2022 жылы Қазақстанның әскери бюджеті 30%-ға қысқарған. Бұл кезде Тәжікстан мен Қырғызстан өздерінің қорғаныс шығындарын тиісінше 26,6% және 12,3%-ға арттырған.
Фото: shutterstock.com

Ең көп оқылған
