Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Сабина Асқарқызы

  • 14.04.2025

Өзбекстанның Әндіжан қаласында 49 жастағы ер адам 29 жол қиылысында орнатылған жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 52 камераны пневматикалық мылтықпен атып, істен шығарған. Бұл туралы Газета.uz-ге сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.  

Келтірілген шығын көлемі 1,1 миллиард сум деп бағаланды. Өз әрекетін мойындаған бейнежазбада ол халықтан көмек сұраған. Әлеуметтік желілерде оны «нағыз батыр», «жарайсың» және «халық қаһарманы» деп жазып жатқан көрінеді.

Өзбекстан ІІМ-нің Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының хабарлауынша, М.С. есімді азамат 51 бейнебақылау камерасы мен бір радар кешенін пневматикалық мылтықпен атқан. Бұл құрылғылар TELECOM SOFT компаниясына тиесілі, оның құрылтайшыларының қатарында «Узбектелеком» да бар.

Мамандардың есебіне сәйкес, келтірілген материалдық шығын 1 миллиард 147 миллион сумды құрайды.

Әндіжан қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 173-бабы 2-бөлімі, «б» тармағы бойынша (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, ірі залал келтіру) қылмыстық іс қозғады. Бұл әрекет үшін 75-тен 100-ге дейінгі базалық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, 300-ден 360 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, не 2-3 жылға дейін түзету жұмыстары, немесе 1-3 жылға дейін бостандығын шектеу, не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам жалғыз өзі 52 камераны атып сындырғанын айтады. Ал оның автокөлігі айып тұрағына қойылған.

Фото: gazeta.uz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025

Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

07.04.2025

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

04.04.2025

Тоқаев Өзбекстанға барды

04.04.2025

Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

03.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

Қызғалдақ жұлған әйел млндаған теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

Тоқаев Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды

Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті