Балалар дәретханасына камера орнатқан шенеунік жауап берді

Алмас НҮСІП

  • 01.06.2020

Оқушыларды дәретхана мен жуыну бөлмесінде де бақылауға бұйрық берген Павлодар облысының білім басқармасының бастығы болған жағдайға байланысты жауап берді. Ол ресми мәлімдеме ретінде өзінің Instagram  пара0шасында жазды деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облыстық білім басқармасының басшылығы балаларды қолдау орталығына бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырғанын облыстық прокуратурасы анықтаған.

"Облыстық қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жетекшісі орталық тәрбиеленушілерін бейнекамералар арқылы қарап отырған. Тіпті, камералар әжетхана мен қыздарға арналған жуыну бөлмелеріне орнатылып, ол жерлерде не болып жатқаны басшылықтың кабинетіндегі үлкен экран арқылы бақыланған", – деп мәлімдеді Павлодар облысы прокуратурасының басшысы Асхат ҚОҚЫМБАЕВ.

Прокуратура балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің конституциялық құқығы бұзылды деп санайды. Онда 18 жасқа толмаған, ересек қыздарда болғанын есепке алсақ, бұл балалар құқығын өрескел бұзу болып есептеледі.

Бір қызығы, камераларды орнатуға тікелей тапсырма берген білім басқармасының бастығы Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ бұл жағдайды заң бұзушылық деп атамайды. Instagram парақшасына жазған ресми (!) мәлімдемесінде шенеунік бұл қадамға балалардың жайын ойлап барғанын айтады.

"Мен үш баланың әкесі ретінде, балаларды зорлап кетті, өлітіріп кетті, лақтырып, өртеп кетті деген жаңалықтарды естіген сайын солармен бірге өлгендей болам. Сондықтан, иә, мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді", – деп жазды ол.

Қазір аталған камералар алынып тасталған. Бірақ, болған жағдайға қатысты Павлодардың бас ұстазы және орталық директоры қандай да бір жауапқа тартыла ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Бір анығы, басқарма бастығы «өз ұстанымында қалады».

Прокурорлар тексерісінен кейін бақылау камералары алынып тасталды. Бірақ Дінислам Болатханұлы өз ұстанымында қала беретін сияқты. Ол тіпті, бірер мәрте балалар өздерін ақуіпсіз сезіну үшін балалар үйіне қонбақ болғанын, БАҚ өкілдері түсінбей, шулатып жүре ме деп қана бас тартыпты.

Байланысты жаналықтар

Бақауов бостандыққа қалай шықты?

27.05.2020

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

17.02.2020

Бір миллиард бюджет қаржысына ескерткіш қойылмақ

09.06.2021

«Nur Otan» депутаты сот шешімімен қамалды

26.05.2021

Қала әкімі облыс әкімін сотқа берді

20.05.2021

Облыс әкімін сотқа берген Ақсу әкімі қызметінен босатылды

21.05.2021
MalimBlocks
Бақауов бостандыққа қалай шықты?

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

Бір миллиард бюджет қаржысына ескерткіш қойылмақ

«Nur Otan» депутаты сот шешімімен қамалды

Қала әкімі облыс әкімін сотқа берді

Облыс әкімін сотқа берген Ақсу әкімі қызметінен босатылды