Анар Фазылжан – Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры

Алмас НҮСІП

  • 01.06.2020

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жаңа басшы келді. Ол – филология ғылымдарының кандидаты Анар ФАЗЫЛЖАН. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.  Бұрын Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы болған. Оған дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары қызметін атқарған.

Тіл білімі институтының бұрынғы директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден ҚАЖЫБЕК зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен кетті.

«Мен Анар Фазылжанмен көптен бері таныспын. Ең бастысы қазақ тіл білімінің ішкі мәселелеріне терең бойлаған мақалалары арқылы таныдым. Жеке таныстығым да қазақ тіліне байланысты болды. 2009 жылы «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқу жобасын бастаған едік. Жыр арқылы қазақ тілін насихаттап, үйреткіміз келді. Сол кезде Анар Фазылжан бірден қолдау көрсетіп, біздің тренеріміз болды. Күні-түні жатпай жұмыс істеді. Сол кезде Анар Фазылжанның  қазақ тілінен соншалықты берілген ғалым, азамат екенін көрдім.

Анар Фазылжанның Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтына директор болып келуі көп нәрсені өзгертеді деп ойлаймын. Ол ғылым ордасында Анар Фазылжан бұрын да директордың орынбасары болып қызмет еткен. Әрі Анар қазіргі қазақ тілінің мәселесіне белсене араласып жүрген ғалым. Демек институт шаруасын да, тіл шаруасын да біледі. Мына латын әліпбиіне көшіп жатқан тұста институтқа осындай білікті басшының келгені жақсы», – дейді мәдениеттанушы Земфира Ержан.

«Меніңше, Анар Фазылжан – сол орынға лайық тағайындалған ғалым. Бұл қызметке ол баяғыда-ақ келуі керек еді. Себебі, нағыз кәсіби маман, адамдармен тіл табысып, қарым-қатынас жасауы да жоғары деңгейде, тек қана қазақ тілін біліп қана жүрген жоқ. Оның құрылымын, терминологиясын, тіл білімі мәселелерінің массивін біледі. Тілді сезінеді. Қаншама сөздіктерді құрастырды.  Жаңа әліпбиді құрастыруға қатысып, ондағы туындаған барлық мәселелерге шешім іздеді. Тәжірибе жинады. Жастайынан тіл білімінің ыстық-суығына төзіп келе жатқан ғалым, қазақ тілінің жанды тұстарын түгелге жуық біледі. Тілтану деген өте күрделі, жанды ғылым. Үнемі прогресс пен кері кетудің қызу динамикасында өмір сүреді. Ол мәселемен Анар Фазылжан секілді жігерлі ғалым айналыса алады.

Қазір бізге тек қана кәсіби, іскер басшы емес, сонымен қатар адал жұмыс істейтін адам керек. Анар Фазылжан дәл сондай адам. Меніңше, оның директор болып келуі көп нәрсені ашық көрсетуден басталады. Ол өте әділ, ашық адам. Ештеңені жасырып-жаппайды. Оның жаңа жұмысына сәттілік тілеймін», – дейді режиссер Әсия Байғожина.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық мүддеге сай тарихымызды жазар уақыт келді

05.01.2021

MalimCinema. «Өтелмеген парызда» өлшем бар ма?! 

20.03.2021

Қазақтың этникалық келбеті Алтын Орда дәуірінен бастау алады – Дәурен Абаев

02.07.2021

Шаханов тойдан бас тартуға шақырды

21.08.2020

Мбаппе «Реалмен» келісімге келді

22.05.2021

Айт күндері оқылатын дұғалар мен істелетін амалдар

23.05.2020
MalimBlocks
Ұлттық мүддеге сай тарихымызды жазар уақыт келді

MalimCinema. «Өтелмеген парызда» өлшем бар ма?! 

Қазақтың этникалық келбеті Алтын Орда дәуірінен бастау алады – Дәурен Абаев

Шаханов тойдан бас тартуға шақырды

Мбаппе «Реалмен» келісімге келді

Айт күндері оқылатын дұғалар мен істелетін амалдар