Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

  • 08.06.2020
  • Malim Админ

Коронавирусқа байланысты карантин тәртіптерін сақтау бойынша Қазақстан азаматтарын бұдан былай өз үйінде де бақылауы мүмкін. Мұндай қауылығы бас санитар дәрігер Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА қол қойып, тапсырма беріп те қойыпты.

Қаулыға сәйкес, бұдан былай COVID-19 тестілеуі бойынша жеке зертханалар Ұлттық сараптама орталығымен бірлесе жұмыс істейді, яғни, ақпараттық жүйесі орталыққа жалғанып, тестілеу қорытындыларын беріп отырады. Сонымен қатар, үй карантинін бақылауға арналған мобильді қосымша енгізілмек.

Үй карантинін сақтау туралы бақылауға азаматтар жаппай алынбайды. Біріншіден, бұл онсыз да коронавирусты «саяси ойын» деп атап жүрген, сенбейтін жұрттың наразылығын одан әрмен күшейтуі мүмкін. Ел ішінде жиі айтылып жүрген "чиптендіру" туралы дақпыртты да асқындыра түсері сөзсіз. Отқа май құя түсетін мұндай қадамға онсыз да басы даудан арылмай келе жатқан министрлік байқап-байқап баратын шығар. Екіншіден, оқушылардың өзін онлайн оқытуға шамасы келмеген цифрландыру жүйесінің де мүмкіндігі белгілі ғой...

Сонымен, бақылауға кімдер алынады?

Қаулыда  «үй карантинінде, оның ішінде COVID-19 симптомсыз нысандары бар емделушілерді қашықтан бақылау үшін мобильді қосымшаны енгізуді қамтамасыз ету» туралы жазылған.

Министр Біртанов та симптомсыз науқастарды стационарға жатқызбай-ақ емдеу туралы айтқан. Өйткені, симптомсыздардың өзге жұрт үшін де қаупі аз екен. Оларды «емдеу курсы» өз үйінде, учаскелік дәрігерлердің телефон арқылы бақылауымен өтеді деген. Бірақ, министр онда дәрігер телефонмен тек кеңес беріп, науқастың жағдайын біліп отыратынын айқан. Ал, бас санитар дәрігер министрдің мұнысын місе тұтпай, мобильді қосымшамен жұмыс істегісі келген сияқты.

Онлайн оқисыңдар дегенде, оқушылар мен мұғалімдердің «соткама ақша салып беріңдер», деп шулағаны кеше ғана. Мобильді қосымшаны ойлап тапқан Есмағамбетова бұл жағын ойлады ма екен...

Әйтеуір, жұрт қатарлы өзінің де «қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы» екенін айтыпты қаулыда.

Байланысты жаналықтар

Алексей Цой неге Ресей вакцинасын салдырмады?

01.02.2021

Карантин күшеюі мүмкін

27.05.2020

Макс Боқаев: Халық қолдауы болмаса, мені сындырып тастар еді

04.02.2021

Темекі коронавирустан қорғай ма, асқындыра ма?

12.05.2020

COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

17.06.2020

Цойдың министрлігі онлайн дауыс беруді де қарастырып жатыр

14.10.2020