Үш рет "өлген" зейнеткер тірі екенін дәлелдеу үшін Алматыға келуі керек

Malim Админ

  • 10.06.2020

Шымкентте 66 жастағы зейнеткер тірі екенін дәлелдей алмай жүр. Бұл туралы Отырар сайты жазды.

Анатолий Поваров жеке деректері бойынша «қайтыс болған». Өзінің марқұмдар тізімінде екенін алғаш рет өткен жылдың күзінде естіп, шошып кеткенін айтады. Зейнетақысын алу үшін банкоматқа барған зейнеткердің есеп айырысу карточкасы жабылып қалған. Құзырлы органдарды жағалап жүріп, құжат бойынша өзін «тірілтіп алған» ол келеңсіз жағдайдың биыл тағы қайталанып отырғанына наразы.

Ер-азаматтың ай сайынғы зейнетақасы да өзінің тиісті органдарға барып, қайтыс болмағанын растаған жағдайда ғана есеп шотына түсетінін айтады. Соңғы мамыр айындағы зейнетақасын алу үшін де ол аз тер төккен жоқ. Жергілікті әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне, одан кейін банкке барып, әуреге түскен. Ай сайын өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін табаннан тозатын қария әр есікке жүгіруді де денсаулығым көтермейді дейді.

Ал Қаратау аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміндегілер Анатолий Поваровтың келеңсіз жағдайға тап болғанын Алматы қаласындағы ауданараларлық аурухана қызметкерлерінің салғырттығынан көріп отыр.

Данияр Әлиев, «Азаматтарға арналған Үкімет» ААҚ Шымкент қаласы Қаратау аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы: «Осындай атпен бір адам қайтыс болған болуы мүмкін. Дерекқорға дұрыс емес мәлімет кетіп қалған».

Зейнеткер тірі екенін оны өлі деп таныған Алматы қаласындағы ауруханаға барып қана дәлелдей алатынын айтады. Ол үшін денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінен дерекқордағы мәліметті өзгертуін талап етуі тиіс.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

21.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

21.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды