Журналистер наразы азаматтардан ерекше болуы тиіс

Malim Админ

  • 11.06.2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВА мен қазақстандық БАҚ өкілдері жақында қабылданған бейбіт жиын өткізу туралы жаңа заңның журналистерге қаншалықты қатысы болатынын талқылады. Талқылау онлай форматта өтті.

Балаеваның ерекше тоқталғаны – шеруге қатысушылар сияқты журналистердің де алдын ала өтініш беруі керек. Бұл шеруге қатысушылар саны 200-ден асқан жағдайда болады. Яғни, көлемі үлкен жиыннан репортаж жасау үшін журналист алдын ала әкімдікке кемінде екі күн бұрын өтініш беруі керек. Министрдің ойынша, бұл – журналистің қауіпсіздігі үшін маңызды. Журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға арнайы ішкі істер қызметкерлері тағайындалады..

Сонымен қатар, мұндай көлемдегі шерулерде арнайы баспасөз орталықтары жұмыс істейді. Мұнда журналистермен бірге керекті ақпаратты алу үшін, байланыс телефондарын табу үшін арнайы әкімдік өкілдері де жұмыс істемек көрінеді.

«Жергілікті атқарушы орган өз өкілінің бейбіт жиналысқа қатысуын қамтамасыз етеді. Өкілдің қызметі – журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру. Журналистерге бейбіт жиналыстың қатысушылары мен ұйымдастырушыларынан сұхбат алуға жәрдемдесу. Қажет болған жағдайда бейбіт жиналыста көтерілген мәселелер бойынша жүктеме алу үшін мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларымен байланыс деректерін ұсыну», - деді министр.

Қатысушылар «бұл журналистердің жұмысын шектеп тастамай ма деген күмән келтірді. Ал Балаева «журналистердің өз қызметін атқаруы осы баспасөз орталығымен шектелмейтінін» айтты.

Балаева полицияның журналистерді наразы азаматтармен шатастырып алмауы керек екенін айтты. Ол полиция наразыларды ұстағанда (!) журналистер де қосақ арасында кететінін, сол себепті оларды ерекшелеп тұратын белгі болуы керек дейді.

«Полиция митингіге шыққандармен бірге журналистерді де ұстамас үшін олардың наразы азаматтардан ерекше болуы маңызды. Яғни, бір немесе бірнеше ерекшелік белгілерін пайдалануға болады. Бұл кеудеше, жеңгетаңғыш, жеңіл желет немесе арқаға тағылған жапсырма болуы мүмкін».

Жиында журналистердің құқығы бұзылған жағдайда (мұндай жағдай Қазақстанда жиі болады) мұндай заңсыздықтар тіркеліп, тиісті орындар жауап беруі керектігі, журналистердің ақпарат тарату аймағы шектелмеуі керектігі, т.б. ұсыныстар айтылды.

Балаева талқылаудағы ұсыныстар қаралып, атқарушы билік пен құқық қорғау органдарына түсіндірілетінін айтты.

Байланысты жаналықтар

Үш қыз - Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер

06.03.2020

Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

29.06.2020

Аида Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі

04.05.2020

Жасөспірімдер мен балалар басылымдарын біріктіруге түбегейлі қарсымыз

11.03.2021

Қонаев сынаған кітап жарыққа шықты

16.10.2020

Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

28.03.2020
MalimBlocks
Үш қыз - Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер

Аида Балаева: Гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі басталды

Аида Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Жасөспірімдер мен балалар басылымдарын біріктіруге түбегейлі қарсымыз

Қонаев сынаған кітап жарыққа шықты

Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»