Сотқа келіңіз. Шақыртуға 63 миллион төленді

  • 11.06.2020
  • Malim Админ

Еліміздегі соттар азаматтарды сотқа шақыруға қатысуға шақыратын sms-хабарламаларға бюджеттің 63,7 миллион теңгесін жұмсамақ.

Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (жоғағы сот аппараты) "сот органдары үшін sms хабарлама қызметін ұсынуға" тендер жариялаған. Тендерді ұтқан өнім беруші ел аумағындағы және роумингтегі барлық ұялы байланыс операторларының нөміріне сотқа шақырту хабарламасын жібере алуы тиіс. Барлық ұялы байланыс операторлары бойынша SMS-хабарламада SUD.KZ атауы болуы тиіс. Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші  Kcell/Activ ұялы байланыс абоненттеріне – 4 500 000 SMS, Beeline абоненттеріне  – 2 430 000 SMS, Altel/Tele2  абоненттеріне  2 000 000 SMS жіберуі керек. Өнім беруші жіберілген хабарламалар бойынша әртүрлі есептер: таратудың статистикасы, жолданған SMS саны,  жеткізілген және жеткізілмеген SMS саны, SMS қандай себептермен жеткізілмегені  бойынша есеп беріп отырады. Өнім беруші бұл қызметті биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетеді.

Ашық конкурс түрінде өткен тендерге өтініштер қабылдау 6 маусым күні басталып, бүгін аяқталды. Конкурстың ашу хаттамасына қарағанда, тендерге екі-ақ компания қатысты. Олардың бірі – "КазИнфоТех АЦП" ЖШС  болса, екіншісі –"SMS-Consult" (СМСКонсалт) ЖШС.  Тендер нәтижесі әзірге шыққан жоқ, комиссия өтініштерді қарап жатыр.

Фото: unsplash.com

Байланысты жаналықтар

"Түсіністікпен қараңыздар": 20 миллионға демалатын орны бар әжетхана салынбақ

17.03.2021

“Қайыршы” мамандығы: Оңай ақша ма, маңдай тер ме?

08.03.2021

"Елімізде демократиялық процестер дамып жатыр"

14.05.2020

Абаев Теменовке жауап берді

30.05.2020

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

25.05.2021

Профессор С.Аманжолов қолданған грамматикалық  терминдердің ерекшеліктері

12.04.2021