Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды

Олжас Қасым

  • 20.07.2023

АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония секілді дамыған мемлекеттерде балалар әдебиеті  әлдеқашан жолға қойылған. Аниме, комикс, фентези супербатырлар хикаялары қай елдің ұл-қызы болсын,  жіпсіз байлап, тереңіне тартып әкетеді. Кітап нарығында да дабыл қаағатындай  мәселе жоқ. Өкінішке қарай, Қазақстанда балалар әдебиетінде аздап талпыныс болғанмен, даму байқалмайды.  Білгенін істейтін баспалар, айдаладағы ақ отау секілді авторлар, өз әлеміндегі иллюстраторлар арасында байланыс орнамаған. Жас өрендерге арналған кітаптар шығарылып жатқанымен, суреті тартымсыз, мәтіні мардымсыз, таралымы аз жинақтар бүлдіршіндерді баурай алмай келеді. Осы ретте Malim.kz тілшісі балалар әдебиетіне қалам тартып жүрген ақын-жазушылардың  бірқатар ұсыныс-пікірін тыңдап көрді. 


Әңгіменің әлқиссасы  Мәдениет және спорт министрлігінің кітап шығару саясатын түпкілікті қайта қарастыру туралы ұсынысынан басталды. Жазушы Қанат Қайым «Ең алдымен мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік тапсырыс беруге байланысты келісім-шарттардағы «Автор министрлікке қабылдау-беру актісіне қол қойған күнінен бастап 5 (бес) жыл мерзімге бүкіл құқығын министрлікке беретіні туралы» мәселені жою керек. Бұл дегеніңіз, автор сол шығармасын 5 жылға дейін қайта басып шығара алмайды деген сөз. Ал министрлік шығарған кітаптың таралымы 3000 данадан аспайды және оның өзі   санаулы кітапханаларға ғана таратылады, ал кітап дүкендері саудасына ешқандай кітап түспейді. Оқырманның барлығы кітапханаға бара бермейді. Сонда автор шығармасы қалай насихатталмақ?!»,-дейді.    Қаламгерлер сондықтан мұндай  шектеу алынып тасталып, авторға еркіндік берілуі керек, не болмаса кітап тиражын арттырып, саудаға түсіру амалдарын  министрлік өз міндетіне алуы керек деген ойда.  Жазушылардың пікіріне сүйенсек, мемлекеттік сатып алу бойынша биыл қабылданған кітаптың араға жыл салып басылатыны да ойланарлық мәселе. «Балаларға арналған шығармаларды министрлік тендермен баспаларға ұсынғанда авторлық мәтін көлемі бойынша береді, сосын ұтып алған баспа ол кітапқа иллюстация бермек түгілі мәтінінің өзін көлемге сидыра алмай, кітапты 8-9-кегльдермен басып шығарады, ал балалар кітаптарының шрифтісі 12-кегльден төмен болмауы керек»,-дейді Қанат Қайым.  

 Кітап басу ісін лайықты жүзеге асыру үшін мамандар баспахананы дұрыс таңдау керектігін айтады.    Мысалы, балаларға арналған  түрлі-түсті кітаптарды тек төрт бояулы офсеттік  баспаханадан шығару керек. «Екі бояулы баспахана бояуын сапалы баса алмайды. Алматыда төрт бояулы, сегіз бояулы баспаханалар аз. Көбісі екі бояулы баспаханалар. Сосын баспалардың көбісі аутсорсинг әдісімен жұмыс  істейді. Тапсырысты алып, (өздерінде машина болмағасын) басуға басқа баспаханаға беріп жібереді. Ал автор кітабының файлы кімге берілгенін біле алмай, шырылдап жүреді. Оның үстіне елімізде «Баспа ісі туралы» заң жоқ. Заң болмағасын, жауапкершілік те болмайды»,- деген ұсыныс білдіреді   Ділдагүл Нұрмаханбет. 

"Кәусар бұлақ", "Дарабоз" байқауларында жүлде алған шығармалар жинақтары

Балаларға арналған кітаптардың сапасыз шығуының бір себебі – жемқорлықта жатыр. «Тауық сойса да қасапшы сойсын» дегендей кішкентай оқырмандардың қолына түсетін еңбектерді арнайы балалар әдебиеті кітаптарын шығаратын баспалар басуға тиіс.  Кезінде "Кәусар бұлақ", Чистый родник" сериялы кітаптары сегіз жыл бойы   «Баянжүрек» баспасынан жарық көретін.  Жеңімпаз шығарманы суретшілер  оқып  танысып, суретін салатын. Баспа директоры, көрнекті балалар ақыны Арасанбай Естенов сол жұмыстардың атқарылуына тікелей мұрындық болған.  

«Дулат Үсенбай, Алтай Айтжановтай мықты суретшілермен жұмяс жасадық. Дарабоздың жүлдегерлері ол кітаптарды жақсы біледі. Кітапханалар жыл сайын «Кәусар бұлақ» оқуларын өткізіп тұратын. Баспа жұмысынан хабары жоқ адамдар бәрін баспа қызметкерлерінен көреді. Ол дұрыс емес! Қаржы бөлінсе, бәрін қатырып шығаруға болады. Ол кезде «Дарабоздың» демеушісі меценат Бауыржан Оспанов қаржыны аяған жоқ. Біз жасаған калькуляцияға сай аударып отырды. Сол қаржыны біздің баспа аудармашылар мен суретшілерге және баспахана шығынына бөліп төлеп,  бәрін де риза етіп отырды. Ең бастысы балалар кітаптарына тендер бөлек өткізілуі тиіс. Себебі төрт бояумен шығарылатын суретті кітаптарға қомақты қаржы бөлінеді. Соны жымқырып, үнемдемей талапқа сай шығаратын үш-төрт баспамен ғана тұрақты жұмыс жасаса оңды болар еді. Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды. Жоғарыдағы «көкелерінен» қорқады. Нақты мысал керек болса, Арасанбай Естеновтың 2019 жылы «Фолиант» баспасынан шыққан «Көне кенттер күмбірі» кітабын алып көріңіз! Төрт бояуға бөлінген қаржының қайда кеткенін сонда көресіз. Міне, дерттің ошағы осы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықта жатыр. Оны жою үшін айналдырған үш-төрт алпауыт баспаны балалар кітабына жолатпау керек!»,-дейді   Арасанбай Естенов.  

Баспагерлер баспаларды алаламай, мемлекеттік тапсырыс әділ бөлінсе,  кез келген жұмысты атқаруға дайын екенін айтады. «Мемлекет қаржысы тапсырысты орындап болған соң ғана бөлінеді деп, мемлекет тарапынан кәсіпкерді сынағандай боп қарап отыру дұрыс емес. Өрескел қате. Ең болмағанда 50 пайызы келісімшарт жасалған фирмаға тапсырысты орындауы үшін бірден төленуі керек! Сонда кәсіпкер шығынға батпайды. Мемлекет тарапынан Әділетті тапсырыс болады».,- дейді  баспа саласының маманы   Баян  Хасанова.     

Бұл ретте балаларға арналған кітаптарды арнайы комиссияның сүзгісінен өткізу керек. Ділдагүл Нұрмаханбеттің айтуынша,   «Алматыда Ұлттық кітапханада балалар әдебиетін көптеп табуға болады. Осы топтың өзінде де талантты  ақын, жазушылар отыр.  Президент осы мәселені қолға алуды тапсырып отырғаннан кейін, балалар әдебиетін иллюстрациямен шығару керек. Балалар кез келген мәтінді түрлі-түсті суреттермен тез қабылдайды, әрі оқуға ынтасы артады.  Суретсіз кітаптардың мәтіндері 5-12 жас аралығындағы  балаларды қызықтырмайды. Сондықтан сауатты иллюстрацияға  баса мән беретін  уақыт жетті».   

Балалар кітапханасын жасақтау санмен емес, сапамен өлшенуі керек. Тізім санын көбейтеміз деп сапасыз, мағынасыз аудармаларға жол бермеу жағын ойлаған жөн.  Балалар ақыны Гүлімай Әбішқызы  

кітапхана, дүкен сөрелерінде осындай сын көтермейтін кітаптар қаптап тұрғанын жеткізді. «Балаларға арналған кітаптар бірнеше сүзгіден өтіп, тіпті арнайы комиссияның талқылауымен бекітілуі тиіс басылымға. Мағынасынан  бетін басып болып ұялатын сырты, суреті әдемі - ақ кітаптар өріп жүр. Балалар  қаламгерлеріне ұсыныстар тастап, нақты қаламақы ұсынса, сапалы туындылар шығады», - дейді Г.Әбішқызы.    

Бұрындары «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериясымен кітаптар шығып тұратын. Талай буын сол шығармаларды оқып, таным көкжиегін кеңейткен-ді. Кейіннен ол серия келмеске кеткен. Жазушы Толымбек Әбдірайым сол бастаманы қайта жаңғыртып 10 немесе 20 том кітап шығару қажет деп біледі. Кезінде балалар әдебиетінің қоржынын толтырған «Дарабоз» конкурсын қаламгерлер жыр қылып айтады.  "Бәйге жеңімпаздарын марапаттау 1 маусым-Балаларды қорғау күнінде ұйымдастырылатын кәдімгі мереке іспетті еді" дейді. Сонымен қатар, «Ер Төстік» сияқты республикалық байқаулар  керек-ақ. Және ол сайыстар дәстүрлі түрде өткізілетін болса, әдебиеттің кенжелеу қалған саласы қайта бір жанданар еді.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Балалар кітапханасы» атты бағдарламаны қолға алуды тапсырды.   Мектептерде көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз болғандықтан,  қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс екенін айтты. «Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек»,-деген болатын.  Іле-шала Оқу-ағарту министрлігі «Балалар әдебиеті» кітапханасы бағдарламасына ұсынылатын кітаптар тізімін жасақтап қойыпты. Оған қазақ және әлем әдебиеті тарихының барлық дәуірін, жанрлық бағыттарын  қамтитын 1770 шығарма енген.     

Көрнекі сурет: Adebiportal.kz   

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

04.10.2024

Кассирлер миллиондаған қаржыны жымқырған. «Қазпошта» пікір білдірді

26.09.2024

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

21.09.2024

Степногорск тұрғыны 40 млн теңге ұрлаған

16.09.2024

1 млрд теңге жымқырған экс-шенеунік ұсталды

10.09.2024

Доллар мен еуроның бүгінгі бағамы қандай?

06.09.2024
MalimBlocks
Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Кассирлер миллиондаған қаржыны жымқырған. «Қазпошта» пікір білдірді

Жалпы сомасы 273 000 000 теңге

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Жыл басынан бері 195 млрд теңге қайтарылған

Степногорск тұрғыны 40 млн теңге ұрлаған

2 жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған

1 млрд теңге жымқырған экс-шенеунік ұсталды

Ол Есілдегі фонтанға қомақты қаржыны ысырап қылған

Доллар мен еуроның бүгінгі бағамы қандай?

Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады