Украинаның соғыс тұтқындары мәселелері жөніндегі үйлестіру штабы Ресей тарабы «украин әскерилеріне тиесілі» деп мәлімдеген тағы 1 000 жауынгердің денесі елге қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Репатриацияланған мәйіттерге алдағы уақытта жеке дара сәйкестендіру жүргізіледі.
Қаза тапқандардың денелерін алмасу Стамбулда жазда өткен келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асуда.
Ресей бұл алмасу туралы әзірге ресми ақпарат таратқан жоқ.
«Интерфакс» агенттігінің дереккөзі Украина Ресейге 30 қаза тапқан ресейлік әскери қызметкердің денесін бергенін, ал оның орнына Украина жағына 1 000 украин сарбазының денесі қайтарылғанын айтты.