Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ердоған Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзін қайта бастауға шақырды

Әлем
Ердоған Ыстанбұлда Ресей мен Украина келіссөзін қайта бастауға шақырды
Anadolu

Ыстанбұлдағы келіссөз — Ресей мен Украина қақтығысының тереңдеп бара жатқан ауыр салдары аясында дипломатиялық күш-жігердегі маңызды кезең. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкарада украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Анадолы агенттігіне сілтеп. 

Өзекті мәселелерді шешуде кешенді тәсіл негізінде Ыстанбұл процесін қайта бастау пайдалы болар еді, — деді түрік көшбасшысы.

Оның айтуынша, Анкара қақтығысты тоқтатуға ниеттенген барлық серіктестерден Ыстанбұл процесіне сындарлы тәсіл күтіп отыр.

— Осы тұрғыда біз одақтасымыз — Америка Құрама Штаттарының осы процеске қатысуын жоғары бағалаймыз, — деп атап өтті түрік көшбасшысы.

Түркия көшбасшысы сондай-ақ түрік тарапының Ресеймен атысты тоқтатуды жеделдететін және әділ әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке жол ашатын ұсыныстарды талқылауға дайын екенін білдірді. 

Мемлекет басшысы украиналық әріптесінің сапарына өте қанағаттанғанын атап өтті. Ол Президент Владимир Зеленскийдің биыл Түркияға екі рет сапар шеккенін, оның барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас және Украинадағы қақтығысты шешу бойынша пікір алмасқанын еске салды.

— Украина Президентінің соңғы сапарынан кейін, осы жылдың мамыр айында біз Украина мен Ресей делегациялары арасында үш жылдан астам уақыт бұрын басталған тікелей келіссөздің кезекті раундын ұйымдастырдық. Осы үш раунд барысында ең алдымен гуманитарлық мәселелер бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Бұдан басқа, тараптар атысты тоқтату мәселелерін тікелей талқылауға және бейбітшілік келіссөзін өткізуге, сондай-ақ әскери мәселелерді тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болды. Біз мұның бәрін құнды қадамдар ретінде қарастырып отырмыз, — деді түрік көшбасшысы.

Кремль Ердоғанның Ыстанбұл процесін жалғастыру туралы сөздеріне жауап берді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, Ресей Украина бойынша келіссөзді жалғастыруға ашық.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу