Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
"Отбасының тірегі-еркек! Тірек әлсіз болса шаңырақ құлайды. Еркектің еркектігі айқайлауында немесе тек ақша табуында емес, қорған бола білуінде! Қорған болу-қорғау! Қорғау дегеніміз жаудан қорғау емес. Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын қорғау керек! Отбасы-аманат! Аманатты иесіне қайтарғанда ұялмайтындай болу керек", – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.