Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бейнеуде ер адам полиция бөлімінің жанында өзін өртемек болды

Оқиға
Бейнеуде ер адам полиция бөлімінің жанында өзін өртемек болды
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында полиция бөлімінің бақылау-өткізу пункті маңында ер адам өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол патрульдік қызметі жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатып, оған әкімшілік шара қолданған. Біраз уақыт өткеннен кейін сол азамат полиция бөлімшесіне өз еркімен келіп, тәртіп сақшыларының әрекетіне наразылық білдірген.

Кіргізу аумағында ол үстіне белгісіз сұйықтық құйып, өзін өртемек болған. Алайда полицейлер оның әрекетінің алдын алып үлгерді.

Ер адам дереу медицина мамандарына жеткізілді.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу