Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

The Telegraph: АҚШ Донбасты Ресейге "жалға беру" нұсқасын ұсынып отыр

Әлем
The Telegraph: АҚШ Донбасты Ресейге "жалға беру" нұсқасын ұсынып отыр
Фото: Alexander Kharchenko/SNA/IMAGO

The Telegraph басылымының мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі әзірлеген Украинаны бейбіт реттеу жоспары Донбастың Ресей бақылауында қалуын көздейді. Бұл үшін Мәскеу Киевке «арендалық төлем» жасап отырады деп болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.

Газет дереккөздерінің айтуынша, Украина шығыс Донбастағы аумақтың бақылауын уақытша Ресейге беріп, меншік құқығын өзінде қалдырады.

Басылым әлеуетті төлемдердің көлемін нақты атамайды. Материалда бұл схема Трамп әкімшілігінің басқа келісімдерге қолданған «іскерлік мәміле» тәсіліне ұқсайды деп көрсетілген. Табиғи ресурстарға бай Донбасты пайдалану құқығы үшін Ресей төлейтін қаржы Украина осы аумақтарға қолжетімділігін жоғалту салдарынан көретін экономикалық шығынды өтеуге жеткілікті болуы тиіс.

The Telegraph-тің хабарлауынша, Украина конституциясына сай, жер беру мәселесі жалпыұлттық референдумға шығарылуға міндетті. Алайда «жалға беру» форматы Киевке референдум өткізбей-ақ келісім жасауға мүмкіндік береді, себебі мұндай дауыс беру нәтижесінің теріс шығуы әбден мүмкін.

Бұған дейін Reuters және басқа да Батыс БАҚ-тары Вашингтон Киевтен шығыс өңірлерден бас тартуды, армия санын қысқартуды және белгілі бір қару түрлерінен бас тартуды талап етіп отырғанын жазған. Бұл талаптар АҚШ әкімшілігінің соғысты тоқтатуға арналған 28 тармақтан тұратын жаңа жоспарына енгізілгені айтылады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, жоспар төрт негізгі бағытты қамтиды: Украинадағы бейбітшілік, қауіпсіздік кепілдіктері, Еуропадағы қауіпсіздік және Вашингтонның Мәскеу мен Киевпен болашақ қатынастары.

Сондай-ақ АҚШ пен Ресей арасында Украина мәселесіне қатысты құпия келіссөздер өтіп жатқаны туралы хабарлар тараған. Бұл талқылауларға Украина да, ЕО да қатыстырылмаған. Берлин мен Брюссель Еуроодақты және Украинаны бұл үдерістерге қосуға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу