Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тарақандарға қатысты видеодан кейін Алматыдағы балабақша жабылды

Оқиға
Тарақандарға қатысты видеодан кейін Алматыдағы балабақша жабылды
Toby Hudson/CC BY-SA 3.0/Wikimedia Commons

Алматы білім басқармасы №29 бөбекжай-балабақша асханасында тарақандардың өріп жүргені туралы видео тарағаннан кейін жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жүргізген тексерістің нәтижесінде «№29 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мекемесінің қызметі анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылды. Мектепке дейінгі ұйым ішінде дезинфекциялау және жағдайды санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Тәрбиеленушілер уақытша қаладағы басқа балабақшаларға орналастырылды. Мекеме жұмысы барлық талап орындалып, бақылаушы органдардың рұқсаты алынғаннан кейін қайта жанданады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы білім басқармасына қарасты №29 бөбекжай-балабақшада тарақандар жүргені туралы видео тараған еді.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, видеоны шамамен 2025 жылғы қыркүйек айында «Батыр KZ» күзет ұйымының қызметкері түсірген.

Ведомствоның хабарлауынша, балабақша мен «Өндірістік кооператив» ЖШС арасында жасалған келісімшарт аясында ғимаратта дезинфекция және дератизация жұмыстары тоқсан сайын жүргізіліп отырады. Сондай-ақ балабақша маңында орналасқан қоқыс жәшіктері жәндіктердің пайда болуына және таралуына себеп болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу