Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО: тау шаңғысынан этнофестивальге дейін – туризмнің жаңа бағыты

Экономика
ШҚО: тау шаңғысынан этнофестивальге дейін – туризмнің жаңа бағыты
© yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында тау-шаңғы демалысына арналған жаңа заманауи қонақүйлер салу жоспарланып отыр. Бұл туралы өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов Астанада өткен әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, облыс аумағында туризмді дамытудың төрт басты кластері айқындалған. Катонқарағайдаwellness-туризмді, Марқакөл аймағында – экотуризмді, Риддерде – тау шаңғысын, ал Өскеменде – демалыс күнгі туризмді ілгерілетуге мүмкіндік бар.

— Риддер қаласының маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешенін салуды көздеп отырмыз. Бұл нысан тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығы болмақ. Сонымен қатар Pana Asia халықаралық қонақүй желісі барлық талаптарға сай жаңа отельдер тұрғызады, —

деді Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өңірде медициналық туризм де серпін алып келеді. Онкология және хирургия орталығы заманауи Check-up қызметтерін ұсынып, шетелдік әрі отандық туристердің сұранысын қанағаттандыруда.

Туристік тартымдылықты арттыруға AltaiFest және «Шығыс Салбурыны-2025» сияқты этномәдени жобалар да үлес қосады. Аталған фестивальға Қазақстанның барлық өңірінен және Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия мен Қырғызстаннан 148 бүркітші қатысып, 10 мыңнан астам көрермен жиналған.

Туризмнің тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңарту да маңызды. Қазір өңірде екі жаңа әуежай салынып жатыр, «Майқапшағай» және «Үбі» өткізу бекеттері жаңғыртылуда, сондай-ақ 5 теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыста барлығы 856 шақырым жол жөнделді. «Талдықорған – Өскемен» және «Өскемен – Семей» бағыттарындағы жобалар толық аяқталды. Қазіргі уақытта «Өскемен – Рахман қайнарлары» бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Өткен жылдан бері Өскеменнен Мәскеу мен Новосибирскіге халықаралық әуе рейстері ашылды. Алдағы жылы Қытайға тікелей рейс іске қосылмақ. Бұларға қоса, «Өскемен – Алматы» бағытында «Тальго» пойызын іске қосу бойынша дайындық жүріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу