ҰБТ: Биыл оқуға түсу үшін ең төменгі балл қанша?

Malim Админ

  • 12.06.2020

Оқуға – грантқа түсу үшін конкурсқа қатысуға болатын немесе ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндік беретін ҰБТ шекті балы белгілі болды. Биылғы көрсеткіш бойынша ең төменгі шек – 50 балл.

Жалпы, ҰБТ тапсыруға байланысты білім және ғылым министрлігі ұсынған биылғы нормаларда былтырғыдан аса айырмашылықтар жоқ. Пандемияға байланысты өткізілу ережелері болмаса, қалған тәртібі мен талаптары сол күйде қалып отыр. Дегенмен, оқға түсу үшін белгіленген шекті балға қатысты талап күшейе түсіпті.

"Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл".

Тағы бір айта кетерлігі, ең жоғары талап қойылып отырған жекелеген мамандықтар да бар. Мәселен, педагогика мамандығы.

«Педагогикалық ғылымдар саласы бойынша кемінде 70 балл. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша кемінде 65 балл қажет. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», "Ветеринария»  білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл».

Былтыр педагогика мамандығының шекті балы 60 болған, биыл 10 балға көтерілген. Ал, министрліктің өзі «талап күшейтілді» деп астын сызып айтқан медициан саласының шекті балы былтыр да 65 болған.

Байланысты жаналықтар

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

31.03.2020

"Аймағамбетов "Үздік педагог" атағын заңсыз үлестірді"

27.10.2020

ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріледі

05.04.2021

Қаринова: "Қашықтан оқыту - онлайн оқу емес"

02.04.2020

Аймағамбетов мектептер 12 жылдық білім беруге қашан өтетінін айтты

15.03.2021

Оқушылар базарда жүр: Аймағамбетов жауапты ма?

23.10.2020
MalimBlocks