Оқушылар Аймағамбетовті тыңдамай жатыр

Malim Админ

  • 22.06.2020

ҰБТ-2020 басталды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 6 206 оқушы тест тапсырған. Араларында тәртіп бұзып, тестке жіберілмегендер де бар. Бұл туралы ғылым және білім министрлігі хабарлады.

"Бүгін 6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алады, оларға электронды сертификат беріледі. Бүгін 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. 144 талапкер ҰБТ-ға келмеді. 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсырады. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады", - деді министрлік.

Биылғы тестілеудің жылдағыдан өзгеше болатыны бұған дейін де хабарланған. Ең басты мәселе – корнавирусқа қатысты сақтық шаралары болғанмен, одан өзге де талаптар күшейтілген. Соның бірі – қолдануға болмайтын заттармен ұсталғандардың биыл мүлде тест тапсыра алмайтыны. Оқушыларға мұндай жазаның қолданылатынын Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ басқаратын министрлік бұған дейін бірнеше мәрте хабарлаған. Бірақ, оқушылар Аймағамбетовті тыңдай қоймайтын сияқты. Мәселен, ҰБТ-ның алғашқы күні ғана 160 оқушы осындай әрекетімен ұсталып, тесттен шеттетілді. Енді олар оқуға бір жыл кешігіп тапсыруға мәжбүр болады.

"Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және ережелерді бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген", - делінген министрлік есебінде.

Бұл 160 оқушы бір күн ішіндегі тәртіп бұзғандардың ақырғы саны емес, бұл цифр әлі де өсе түсуі мүмкін. Өйткені, «25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді».  Бейнекамерадан қандай да бір тәртіп бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелері жойылады. Тіпті, грант тағайындалып үлгерген оқушылар да «оқудан шығарылады".

ҰБТ-2020 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Байланысты жаналықтар

Наурыз айындағы ҰБТ: Бірінші аптаның қорытындысы шықты

11.03.2024

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін  

31.10.2022

51 мың талапкер ҰБТ-дан құлады

07.07.2022
MalimBlocks
Наурыз айындағы ҰБТ: Бірінші аптаның қорытындысы шықты

Ең жоғары балл – 137.

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін  

51 мың талапкер ҰБТ-дан құлады

ҰБТ қорытындысы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы қорытынды жариялады