Нұрәли Әлиев 1,5 миллион фунт даулап отыр

Malim Админ

  • 29.06.2020

Нұрәли Әлиев Ұлыбританиядағы қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктен 1,5 миллион фунт стерлинг өндіруді талап етіп отыр. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Нұрәли Әлиев 1,5 миллион фунт стерлинг өндіру жөніндегі талапты Ұлыбританияның жоғарғы сотында жеңгеннен кейін түсірген.

Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі Дариға Назарбаева мен Нұрәли Әлиев Лондондағы зәулім үш үйді "шығу төркіні белгісіз ақшаға сатып алған" деп, ол үйлерді бұғаттап,  сотқа шағымданған еді. Бірақ 8 сәуір күні экс-президенттің қызы, сенаттың бұрынғы төрайымы Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиев  Лондонның жоғары сотында "шығу төркіні белгісіз ақшаға алынған үш жылжымайтын мүлікті" бұғаттау ісі бойынша сотта жеңіп, дүние-мүлкін қорғап қалды.  Сот шешімімен үш үйді бұғаттау жөніндегі ордердің күші жойылды. Алайда сотта жеңіске жету үшін бұрынғы президенттің қызы мен жиені құны 80 миллион фунт стерлинг тұратын үш зәулім үйді қандай ақшаға сатып алғанын және өздерінің дәулеті туралы мәліметті ашуына тура келген.

Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттік жоғарғы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляция түсіргенімен, 17 маусым күнгі сотта Дариға Назарбаева мен Нұрәли Әлиев тағы жеңіске жетті.

Reuters-тің жазуынша,  Әлиевтің ресми өкілі "Жауапкер деп танылған негізгі иелері, қорлар 1,5 млн фунт талап етеді. Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі құжаттарының бәрі болжамға құрылған және дәлелдердің көбі расталмаған ашық дереккөздерден алған" деген.

Яғни Нұрәли Әлиев өздерінің үйін бұғаттап, сотқа шағым түсірген Ұлыбританияның қылмыспен күрес ұлттық агенттігінің үстінен талап арыз түсіріп отыр.

Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттік Әлиевтің шағымына қатысты түсініктеме бермеген.

Оқи отырыңыз: Нұрәли Әлиевтің соттағы сөзі

Байланысты жаналықтар

"Болашақ" түлегі: Әр адам шетелде оқып көруі керек

31.05.2020

"Шетелде жүргендер елге келмесін деген дұрыс емес"

25.03.2020

"Новичок" уын жасағандар COVID-қа қарсы препарат шығармақ

26.01.2021

Лондон сарайлары: Қазақ байы қызына бір жылда үш пәтер сыйлаған

07.03.2021

Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғаны айтылды

25.03.2021

Шет мемлекет атауларын жаңа әліпбиде қалай жазу керек?

17.03.2021
MalimBlocks
"Болашақ" түлегі: Әр адам шетелде оқып көруі керек

"Шетелде жүргендер елге келмесін деген дұрыс емес"

"Новичок" уын жасағандар COVID-қа қарсы препарат шығармақ

Лондон сарайлары: Қазақ байы қызына бір жылда үш пәтер сыйлаған

Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғаны айтылды

Шет мемлекет атауларын жаңа әліпбиде қалай жазу керек?