457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Димаштың Еуропалық туры: Әншіні лондондағы жанкүйерлері қарсы алды

Бүгін Димаш Hilton London Wembley/Grand Ballroom залында жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді

2 маусымда Лондонға Лара Фабианның жеке концертіне өнер көрсету үшін келген қазақстандық әншіні Ұлыбритания астанасының әуежайында Dears күтіп алды, деп жазады Dimashnews.


Ұлыбританиялық және өзге елден келген жанкүйерлер қазақы дәстүр бойынша шашу шашып, өнерпаздың келгеніне қуаныштарын білдіріп, амандық-саулық тіледі.

Сондай-ақ, «D and Dears-қа» деген ыстық ықыластың символы ретінде «Махаббат бер маған» әнін бірге шырқады.

Димаш Лара Фабианның концертіне арнайы қонақ ретінде 3 маусымда OVO Arena Wembley аренасында қатысады.

Келесі күні, 4 маусымда Димаш Hilton London Wembley/Grand Ballroom залында жанкүйерлерімен фан-кездесу өткізеді. Басталуы жергілікті уақыт бойынша 18.30.

Бұған дейін биыл Нью-Йорктің әйгілі сахнасы Madison Square Garden-де Димаштың концерті өтетіні хабарланған болатын.

Фото: dimashnews