Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қожа Ахмет Яссауидің жарияланбаған хикметтері табылды

Мәдениет
Қожа Ахмет Яссауидің жарияланбаған хикметтері табылды
Фото: Сайпулла Моллақанағатұлының жеке парақшасы

Қожа Ахмет Ясауидің бұрын еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды, деп хабарлайды Malim.kz sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы жариялады. Оның айтуынша, құнды жәдігер Түркістан тұрғынынан түскен кітаптар арасынан табылған.

«Біздің зерттеушілер жергілікті тұрғындармен тығыз жұмыс істеп, нәтижесінде ерекше мәдени қазынаға қол жеткізді. Табылған 192 жылдық жаңа хикметтер қолжазбасы 85 парақтан тұрады, әр бетінде 15 жол бар және настағлиқ жазуда жазылған. Еркін ағаның ізденісі зор, ал оны сақтап келген Әлиакбар ағаға алғысымыз шексіз», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Қолжазба алдағы уақытта толық зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілмек. Осылайша, Ясауи мұрасы тағы бір құнды парақпен толықты, мәдени қазынамыз байи түсті.

Айта кету керек, 2018 жылы да Оңтүстік Қазақстан облысында Қожа Ахмет Яссауидің 100-ге жуық жарияланбаған хикметтері табылған болатын. Сол кезде XVІ ғасырға тән 475 беттік қолжазба Сайрамдағы белгілі тарихшы, Тұран ғылым академиясының академигі Мирахмад Мирхалдарұлының қолжазбалар қорында сақталып келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу