Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

Мәдениет
Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты
видеодан скрин

4 желтоқсанда америкалық музыка марапаттардың бірі «Grammy» сыйлығының ресми сайтын мен YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің өз авторлық «Fire» композициясымен орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті. 

Қазан айында ол Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында қазақ мәдениетін жоғары деңгейде таныстырып, зор табысқа жеткенінен кейін, Димаш Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді музыкалық институттардың бірі Grammy.com платформасымен және Американдық Ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясымен шығармашылық байланыс орнатты.

«Global Spin» жобасы 2021 жылдың қыркүйегінде әлемдік музыкалық қауымдастықты қолдау және дамыту мақсатында іске қосылған. Жоба аясында бүгінге дейін K-pop жанрының мегажұлдыздарынан бастап, нигериялық хип-хоп және шотланд фолк орындаушыларына дейін көптеген танымал халықаралық әртістер өнер көрсетті. Әрбір шығарылым белгілі бір орындаушының ғана емес, сондай-ақ оның Отанын да дәріптейтін эксклюзивті тікелей орындаудан тұрады.

Дыбыс жазу академиясы АҚШ-тың орындаушыларының, ән авторларының, продюсерлерінің, дыбыс режиссерлерінің және басқа да музыкалық мамандарының мүдделерін қорғай отырып, сондай-ақ әлемдегі ең беделді музыкалық марапат — «Grammy» сыйлығын да ұйымдастырады.

Мұндай жоғары беделді ұйым тарапынан мойындалу әлемдік мәдени кеңістікте өз елін таныстырып жүрген әртіс үшін маңызды қадам.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу