Көлгінов Нұр-Сұлтанның туған күніне қатысты дым демеді

Malim Админ

  • 01.07.2020

Әлеуметтік желілерде бас қаланың туған күніне орай Нұр-Сұлтанда мерекелік іс-шаралар мен концерттер өтетіні жазылып жатыр. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласындағы Nomad city hall-дың Инстаграмдағы парақшасында 1-6 шілде аралығында бас қаланың туған күніне орайластырған мерекелік концерттердің кестесі де жүрген. Оның скринін жасап алғандар постерді әлеуметтік желіде лезде таратып жіберді.

Nomad city hall 1-6 шілде аралығында елорда күніне арналған "Мерекелік сахна" атты хабарландыруында 6 шілде күні кешкі алтыда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясында концерт өтетіні көрсетілген. Ал 5 шілде күні астана әкімдігінің "Жастар" театры, "Қуыршақ" театры мен циркте әлдебір шаралар өтетіні көрсетілген. Бірақ қызығы, біраз уақыттан кейін Nomad city hall бұл хабарландыруды парақшасынан алып тастады.

Коронавирус індеті өршіп тұрған шақта Нұр-Сұлтан әкімдігі қандай шараларды өткізбек екенін білу үшін астана әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваға хабарластық. Ауырып жатқанын айтқан баспасөз хатшысы мәселенің төркінін бірден түсінді ме, әйтеуір аузымызды аша бергенде "концерттерге қатысты хабар сайтта бір сағат ішінде ілінеді" деді. Алайда одан екі сағат өтсе де, Көлгінов басқаратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында елорда күніне қатысты ешқандай ақпарат шықпады.

Әкімдіктің мәдениет басқармасының Перизат есімді қызметкері нақты ақпарат сайтқа жарияланатынын айтты. Бірақ айтуынша, барлық мерекелік іс-шаралар биыл онлайн өтпек.

Бір белгілісі, 1-6 шілде аралығында бас қалада ашық аспан астында кино көрсетілмек. Бұл туралы ақпарат әкімдік сайтында ілінген. " Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары 1-6 шілде аралығында қазақстандық және әлемдік фильмдерді ашық аспан астында тамашалай алады. Көрсетілім «Астана-Арена» стадионының алдында (Қабанбай батыр даңғылы бойымен) өтеді. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шаралары туралы да ескертеді. Міндетті түрде маска тағып, санитайзерлер қолдану және әлеуметтік қашықтық сақтау керек. Kino Space аясында «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Біздің аяулы дәрігер», «Алпамыс мектепке барады», «Путь Лидера» киноэпопеясы, «Ақсақ құлан», сондай-ақ шетелдік «Джон Уик», «Приключения Питера Пэна», «Астерик и Обеликс» және т.б фильмдер көрсетіледі", - делінген әкімдік сайтында.

Елорда әкімдігі күні бойы күттірген баспасөз хабарламасын сайтқа тек кешкі алты жарымға қарай ілді. Хабарламаға қарағанда, эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. "Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады. Мысалы «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында.

Қазақстанда астана күні 2008 жылдың 6 шілдесінен бері тоййланады. Бұл дата экс-президент, Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен бір датаға орайластырған. Н.Назарбаев 6 шілде күні 80 жасқа толады.

 

Байланысты жаналықтар

Көптеген айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты

09.03.2020

Денис Теннің қазасына екі жыл толды. Не өзгерді?

19.07.2020

Жүйенің өзгеруі диктатордың қазасына байланысты ма?

14.04.2021

Ақтөбедегі жалғыз мемлекеттік университеттен шу шықты

12.11.2020

Депутат: Шабалаңдамай, келгеніме рахмет айт!

06.06.2020

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

08.07.2021
MalimBlocks
Көптеген айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты

Денис Теннің қазасына екі жыл толды. Не өзгерді?

Жүйенің өзгеруі диктатордың қазасына байланысты ма?

Ақтөбедегі жалғыз мемлекеттік университеттен шу шықты

Депутат: Шабалаңдамай, келгеніме рахмет айт!

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты