Малышева қазақтарға: «Мәскеуден көмек сұраңдар!»

Malim Админ

  • 07.07.2020

Қазақстандықтар ресейлік тележүргізуші Елена МАЛЫШЕВАДАН көмек сұрап, жаппай хат жазып жатыр. Бұл туралы Малышева Instagramm парақшасында, тікелей эфирде айтты. Ол сондай-ақ, Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталып кетті дегенді де мүлде түсіне алмайтынын айтады.

«Екінші карантин не үшін жарияланды? Не медицина дайын емес пе? Неге аяқ асты екінші карантин жарияланды? Бұл неге дәл Қазақстанда болып жатыр, түк түсінсем бұйырмасын. Бірінші карантин медицина дайындалып алу үшін жарияланды емес пе? Қазақстандағы жағдайдың нақ қандай екенін білмейміз, интернет дәрігерлердің жанайқайына толып кетіпті. Бірақ, дәрігерлер дұрыстап емдеудің орнына үкіметке шағымданады, түсінбеймін. Медициналық мекемелерде жақсы әсер ететін дәрілер бар ғой», - дейді ол.

Ол, сондай-ақ, қазіргі жағдайда қандай дәрілер пайдалы екенін айта келіп, Қазақстанда дәрінің жетіспеушілігіне тоқталады.Малышеваның сөзінше, оған Белоруссиядан да хат көп түседі. Бірақ, олар қазақстандықтар секілді байбаламға салынып жатқан жоқ.

«Қазақстанда көпшілік байбалам салып жатыр. Міне, Белоруссиядан да жазып жатыр, «бізде коронавирус жоқ», дейді. Жарайсыздар, бұл маған ұнайды. Демек, сіздердің медициналарыңыз елдің шошынған көңіл-күйіне қарамастан, жағдайды реттей алды деген сөз».

Малышева Қазақстандағы дәрі жетіспеушілігі жайлы да «түк түсінбейді». «Қандай дәрі іздеп жүрсіздер өзі?» деген дәрігер-тележүргізуші дәрігердің тағайындауынсыз сатылатын дәрілердің ешқайсысы керек емес дейді. Ол, тіпті, Қазақстан билігіне де ақыл айтты.

«Міне, біреу жазып жатыр, «бізде антикогулянттар Қазақстанда жоқ. Ресей, көмектесіңіздер». Қазір Ресейден сіздерге дәрігерлер бригадасы шықты, солар көмектеседі деп ойлаймын. Мен Қазақстан билігіне Мәскеуден көмек сұраңыздар деп кеңес берер едім», - дейді.

Оның бұл сөзі халықты шулата бермей, Мәскеуден ресми түрде өздерің көмек сұраңдар дегендей естілген. Сөйтсек, ол бүкіл Қазақстанды бір Мәскеу қаласымен салыстырыпты.

«Қазақстан – көлемі бойынша (шекараны айтып тұрмаған болу керек. – авт.) Мәскеуден үлкен емес. Мәскеуде арнайы бригадалар бар. Бұл бригадалар Ресей ауруханаларын аралап жүріп те ем-дом жасады. Бұл бригадаларды дәл қазір Қазақстанға шақыру керек. Сосын, жағдайларыңызда бірден түзеп аласыздар», - деді Малышева.

Малышеваның білуінше, "Қазақстанда 15 млн адам бар", ал, Мәскеуде тіркелмегендерді қоса есептегенде, 25 млн-нан асып жығылады-мыс. Айта кету керек, ресми дерек бойынша, 2020 жылдың басында Мәскеу халқының саны – 12 678 079 адамды құраған.  Ал, Қазақстан халқының саны - 18 632 169 адам...

Бір қарағанда, Малышеваның түсінбейтініндей де бар...

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды

05.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды