«Сіздерді ашығын айтқанда, жерлейміз» деген Ахметшәріп қызметінен кетті

  • 16.07.2020
  • Malim Админ

Маусым айының ортасында «Ашық алаң» ток-шоуына шығып:  «Қараңыздаршы, күніне мыңға жуық адам қосылып жатыр. Осылай кете беретін болса, не істейміз?  Бізді тыңдап отырған, қазақстандықтар, сенбеңіздер. Ертең сіздер ауырғанда ауруханада орын да қалмайды. Сосын сіздерді ашығын айтқанда, жерлейміз. Мен ресми өкіл ретінде айтамын, сенбеңіздер. Бәрі ойдан шығарылған нәрсе.

Қазір дәрігер маман да айтып жатыр, ауруханаларда орын жоқ. Бізді тыңдап отырғандар, егер сенбесеңіздер, сіздер ертең жұқтырасыздар. Сосын орын қалмайды. Аурасыздар, көз жұмасыздар» деген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қызметінен кетті.

Өзінің фейсбук парақшасында: «Құрметті достар! Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош.

Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар!

Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын!!!!

Барлық еңбегім - тек халқым үшін.

Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық.

Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін!

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!», – деп жазды Д. Ахметшәріп.

Байланысты жаналықтар

Айгүл Орынбек: Президент көп көкейкесті мәселелерге көңіл аударды

01.09.2020

Шықмаматов: "Қырғызстанда сайлау қайтадан өтеді"

06.10.2020

Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

08.03.2020

720 млн бөлінген спорт кешені бітпей жатыр

27.10.2020

Бір тәулікте 730 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

23.08.2020

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» онлайн-байқауы басталды

20.04.2021