Кішкентай Вьетнам нән Қазақстаннан қалай озды?

Malim Админ

  • 22.07.2020

97 миллион халқы бар Вьетнамда осы күнге дейін небәрі 401 адамнан ғана коронавирус анықталды. Вьетнам Социалистік Республикасы  біздегі Ақтөбе облысының аумағындай ғана жерді алып жатыр. Халқы өте тығыз орналасса да, бұл  елде бірде-бір науқас өлмеген.

Джон Хопкинс университеті денсаулық саласындағы қауіпсіздік орталығы, басқа да жетекші ғылыми орталықтар алақандай Вьетнамның коронавируспен күрес тәжірибесіне таңқалып, зерттеуге кірісті. 

Қытаймен іргелес Вьетнамда вирус жұқтырғандар неге аз, ел коронавирус індетімен қалай күресті? Осы және басқа да мәселелерді Вьетнамда екі жылдан бері тұрып жатқан қазақстандық Ярослав Третьяктан сұрап білдік.

– Ярослав мырза, Вьетнамда не істеп жүрсіз?

– Алматылықпын. Жасым 31-де. Мамандығым маркетолог. Осыдан екі жыл бұрын Вьетнамдағы жұмысқа шақырту алып, отбасыммен бірге орталық Вьетнамдағы Нячанг қаласына көшіп келдім. Сөйтіп, шай, кофе шығаратын компаниямен келісімшартқа отырып, жұмыс істей бастадым. Бұл компания негізінен туристерге арналған өнім шығаратын. Пандемия басталған соң, соңғы жарты жылда туристер легі үзілді де, компания жабылып қалды. Енді өз жобаларымды іске асырып, компаниямды дамытып жатырмын.

[caption id="attachment_5886" align="alignleft" width="640"] Ярослав Третьяк[/caption]

– Ал енді 97 миллион халқы бар елде вирусты қалайша 401 адам ғана жұқтырған? Вьетнам вирусты тежеу үшін не істеді?

– Вьетнамда халық өте тығыз орналасқан. Үнемі сыртта топтасып жүреді, топ болып тамақ ішеді. Былай қарағанда, туыстары көп қазақ отбасына ұқсайды.

Вирус тарай бастағанда әртүрлі қалаларда жүрдім. 9 миллион адам тұратын Хошеминге жұмыс бабымен бардым. Сондықтан ел ішінде жүргендіктен, Вьетнамның күрес стратегиясын жақсы білемін.

Вьетнам Қытайға өте жақын орналасқан, оның үстіне Қытайдан Вьетнамға туристер өте көп келеді, тіпті туристер саны жөнінен қытайлар бірінші орында. Сол себепті Вьетнам – Қытайдан кейін вирус тіркелген алғашқы елдердің бірі. Дегенмен мемлекеттің шапшаң, дер кезінде қолға алған іс-шаралары вирустың таралуын тежей алды. Меніңше, бұл мемлекеттік органдар мен азаматтардың бірлесіп әрекет етуінің жемісі. Вирус жұқтырған алғашқы адам шыққанда-ақ мемлекет науқастың жүріп-тұрған жерлерін түгел анықтап, сол уақытта сол жерде жүрген адамдардың бәрін тексерді. Мұның бәрі өте жедел жасалды. Ақпараттандыру жөніндегі штаб мессенджерлер арқылы "мына күні бәлен уақытта мынандай жерде жүрген адамдар тез арада хабарлассын" деген хабарлама жіберді. Сөйтіп, көзді ашып жұмғанша науқаспен байланыста болғандар туралы мәліметті жинап шықты да, оларды тез арада карантинге жапты.

– Бәрін тез ұйымдастырғанына қарағанда, Вьетнам билігі вирусқа күні бұрын дайындалған сияқты?

– Иә. Мемлекет күні бұрын қамданды. Қытайда коронавирус алғаш желтоқсанда анықталса, Вьетнам 10 қаңтардан бастап елге келетін шетелдіктердің дене қызуын өлшей бастады. Бірақ келген бетте дене қызуы болмаса да, кейін ел ішінде жүріп ауырып қалған туристер шығып жатты. Сөйтіп, көп ұзамай коронавирус анықталмаған деген құжатпен ғана елге кіргізетін болды. Ақпанда ел туристерді қабылдауды тоқтатты. Қазір ел қалыпты өмірге оралса да, әлі де туристерді кіргізіп жатқан жоқ. Вьетнамның ішкі жалпы өнімінің 20 пайызы туризм саласынан келеді. Ақшадан айырылып жатса да, туризмді тоқтатуға тура келді.

– Бүкіл ел карантинге жабылды ма?

Сәуір айында үш апталық жалпыұлттық карантин енгізілді. Халық оған дейін де маска тағып, арақашықтық сақтайтын. Көпшілік баратын қоғамдық орындар жабылды. Карантинге жабылған қалаларды кейін біртіндеп ашты. Бірақ көп халық тұратын Ханой мен Хошемин ұзаққа дейін ашылмады.

Меніңше, халықтың карантинге жауапкершілікпен қарауы да вирустың таралуын тоқтата алды. Халық шапшаң оқшауланды. Осы кезде қаладан қалаға ағылу, ары-бері жүру деген болмады. Тіпті қонақ үйлер басқа қаладан келетін туристерді қабылдамады.

Жалпыұлттық карантинге дейін жекелеген аудандар мен елдімекендер карантинге жабылып жататын. Мысалы, Ұлыбританиядан келген вьетнамдықтар бастапқыда бір қаланың бір ауданында жүріп, кейін басқа қалаға кетіпті. Олардан вирус анықталғанда, жүрген аудандары түгел карантинге жабылды. Олармен байланыста болғандарды оқшаулады.

– Білуімізше, науқастармен байланыста болғандарды ғана емес, байланыста болғандармен аралас-құралас болып, көріскен жұртты және соңғылармен байланыста болғандарды анықтап, тексерген.

– Иә, дәл солай. Біз осының бәрі табан астында жасалғанына қатты таңғалдық. Өйткені 29 жыл Қазақстанда тұрдым, бізде ел қалай жұмыс істейтінін білемін ғой. Ал бұл жерде белгілі бір уақытта белгілі бір жерде жүрген адамды тез арада тауып алып, оқшаулайды.

Вьетнамда zalo деген мессенджерді бәрі қолданады. Хабарламалар сол мессенджерге келіп жатты. Науқастың жүрген жері, науқастар саны, бүкіл ақпарат дер кезінде жіберілді.

Сосын Қазақстандағыдай маска, дәрі тапшығы деген бұл жерде атымен жоқ. Бәлкім, ауырғандар көп болмағаннан кейін де шығар. Көпшілік баратын қоғамдық мекеме, мысалы, банк, дүкендерде маска мен санитайзерлер тегін таратылады.

– 100 миллион халық тұратын, аса бай емес елде тегін маска таратылатыны, расында, қызық екен.

– Басында көшіп келгенде "Вьетнам кедей ел" деген стереотип бізде де болды. Алайда Вьетнам соңғы 20 жылда қатты дамыды. Вьетнамның медицинасы жақсы, Кеңес Одағының мектебінен өткен және соны сақтап қалған. Аға буын дәрігерлер Кеңес Одағында оқыған. Арасында тіпті орысша сөйлейтін дәрігерлер бар.

Ауруханасы мұңтаздай тап-таза, бүкіл құрал-жабдығы бар. Билік қандай да бір тапшылық туса, ахуал асқынып кетуі мүмкін жақсы түсінеді, сондықтан оған жол бермейді.

– Вьетнамдықтар карантинді қалай ұстанды? Жалпы, вьетнамдықтар тәртіпке бағынғыш халық сияқты?

– Вьетнамдықтар ашық, емен-жарқын, мейірімді халық. Бұл мемлекеттің тарихына үңілсең де, олардың тез ұйымдасып, бірігітеніне көз жеткізесің. Халық тығыз орналасқандықтан, түнгі оннан кейін ешкім шуламайды, музыканы өшіріп, мүлгіген тыныштық орнайды. Бұл елде көршің келіп саған ескерту жасаса, ұят нәрсе саналады. Бұл сен көршіңе құрмет көрсетпедің деген сөз. Бұл елде көлікпен жүргендер бір-бірінің жолын кеспейді, бір-біріне құрмет көрсетеді. Меніңше, мейірімділік, бір-бірін сыйлау, ашықтық халықты біріктіре алды.

– Қазақстандағы ахуалды сырттан бақылап отырған боларсыз. Сіздің ойыңызша, бізде не нәрсе дұрыс жасалмады, неден мүлт кеттік?

– Қазақстанға қарап, бір ағзаның түрлі органы нашар жұмыс істесе, айналып келгенде, бұл бүкіл ағзаға әсер етіп, істен шығаратынын көресің. Медицина органдары мен шешім қабылдайтын адамдардың жұмысы ебедейсіз, қабылдап жатқан шешімдері тиімсіз. Бұдан шығудың амалы қандай деген мәселе басқа. Меніңше, белсенді іс-қимылға көшу керек. Халық мемлекеттің іс-әрекетін күтпей-ақ бұл елді тек қана өзіміз жақсарта алатынымызды түсініп, бір-біріне қамқорлық көрсеткені дұрыс. Бұл дәріханаға барғанда артығымен дәрі алмай, керек дәрі-дәрмекті алудан басталады.

Бас беттегі сурет: Reuters

Cұхбатты көшіріп басуға болмайды. 

Байланысты жаналықтар

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

27.03.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

26.03.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Қазақстан бірінші ядролық энергия саммитіне қатысты

22.03.2024
MalimBlocks
ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Қазақстан бірінші ядролық энергия саммитіне қатысты