Қазақстанның ғалым шенеуніктері

Malim Админ

  • 23.07.2020

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің осы қызметінде  қалар-қалмасын әлеуметтік желі кешелі бері талқылап жатыр. Қарқын қатты. Әркім өзінен Ақорда пікір сұрағандай жанығады. Кетсін дейтіндер «министрдің ғылыми диссертациясы шала» дегенге басады. Кетпесін дейтіндер «оқымаса да оңдысы осы» деп жатыр. Екі жақтың да пікірі орынды. Еститін мемлекетте отырмыз, Ақордада да құлақ бар. Бір шешімін шығарар. Оған еш күдіктенуге болмас. Біздің билікте ақылы асқан, ғылым қуған шенеунік көп. Күндіз мемлекеттік қызметтің қарауында болса, түнімен оқу оқып, инемен құдық қазғандар  жетіп жатыр. Тіпті, бірін қалдырмай санап шығудың өзі қиямет. Ғалым шенеуніктер қозғаған тақырыптардың тереңіне бару Ғылым академиясына да оңайға соқпайды.  Мәселен, президентіміз жаңа әлемнің қалыптасуындағы Қазақстанның ішкі саясатынан зерттеп, саяси ғылымдар докторы атанған. Ал жұрт ол кісі сыртқы саясаттың білгірі деп шатасып жүр. Сыртқы саясатты бір білсе, сенаттың бұрынғы скпикері білетін еді. Дариға Назарбаева Италияның саясатына үңіліп, саяси ғылымдар докторы болғанын көп жария етпейді.  «Саясатқа түк қызықпаймын, менікі тек бизнес» дейтін Тимур Құлыбаевтың да бір хоббиі  - ғылым. Қарбалас тірлігіне тастамай экономика ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.Міне, осындай оқу өтіп кеткендер билікте өте көп. Сенбесеңіз, тізімдерін қысқа қайырып назарыңызға ұсынайық.

  1. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның бұрынғы президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. Экономика ғылымдарының докторы, академик.
  2. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан президенті. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.
  3. Кәрім Мәсімов, ҰҚК төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.
  4. Бауыржан Омаров, Қазақстан президентінің кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, академик.
  5. Ерлан Карин, Қазақстан президентінің кеңесшісі, саяси ғылымдар кандидаты.
  6. Дариға Назарбаева, Сенаттың бұрынғы спикері. Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.
  7. Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері, саяси ғылымдар кандидаты.
  8. Нұрлан Нығматуллин, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.
  9. Қырымбек Көшербаев, Мемлекеттік хатшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.
  10. Қайрат Мәми, Конституциялық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор.
  11. Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.
  12. Тимур Құлыбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты.
  13. Бауыржан Байбек, «Нұр-Отан» партиясы төрғасының бірінші орынбасары, саяси ғылымдар кандидаты
  14. Алик Шпекбаев, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты
  15. Асқар Мәмин, Қазақстанның премьер-министрі, техника ғылымдарының кандидаты.
  16. Ералы Тоғжанов, Вице-премьер, заң ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.
  17. Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт министрі, Бизнес-әкімшілік докторы (DBA).
  18. Асхат Аймағамбетов, Білім және Ғылым министрі, философия докторы (Phd).
  19. Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі, заң ғылымдарының кандидаты
  20. Нұрлан Ермекбаев, Қорғаныс министрі, саяси ғылымдар кандидаты
  21. Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты.
  22. Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі , экономика ғылымдарының кандидаты.

Осындай доктор, кандидаттар қаптап жүрген алаңда Асхат Аймағамбетов ала қарғадай көзге неге түсе қалды екен?

Сосын, осындай «алтын басты азаматтар» билікті басып тұрғанда  Қазақстан  дамыған отыз елдің қатарына қалайша кіре алмай жүр?

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

05.03.2024

Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

03.07.2023

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023

Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

24.01.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары және жастарымен кездесті.

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

Мемлекет басшысы бүгін 13 сенатордың өкілеттілігін тоқтатты.

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.