Биыл браконьерлер көп

Malim Админ

  • 30.07.2020

Елімізде браконьерлік қатаң жазаланады. Әсіресе «Қызыл кітапқа» енген, заңмен қорғалатын жан-жануарлар мен аңдарды, өсімдіктерді заңсыз қыратын адамдарға қолданатын жаза қатаң. Естеріңізде болса былтыр мемлекет басшысы өз жолдауында браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Жануарлар әлемі және аң шаруашылығы басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков браконьерлікке байланысты жазаның қатаңдатылғанын жеткізген болатын.

Мемлекет басшынысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрлігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, Бас прокуратурамен бірлесе отырып, браконьерлік үшін жазаны қатаңдатуға қатысты заңнамаға бірқатар түзетулер енгізген.

Енді заңсыз балық аулағаны, заңсыз аң аулағаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерімен заңсыз айналысқаны, заңсыз ағаш кескені үшін Қылмыстық Кодексте санкция ұлғайтылған болатын.

Осындай күшейтулерге қарамастан елімізде заңсыз аң аулау тыйылмай тұр. Қазақстанда 39 браконьерлік фактісі анықталды. Биыл браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, мұндай оқиғалардың айтарлықтай өсуі (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесудегі арта түскен жұмыс үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жеделдігімен байланысты.

Жалпы алғашқы жартыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 748 оқиғасын анықтаған. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл сомасы 44 млн теңге, залал сомасы 1,6 млрд.теңге.

Өткен жылғы осы кезеңді салыстыру үшін алсақ, 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге.

Енді бұл көрсеткіш жыл соңына дейін қаншалықты өсер екен деп алаңдап отырмыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері табиғатымызды қатаң күзетеді деп ойлаймыз. Браконьерлер заңсыз әрекеттерін қоймаса, заң оларды жазалауын қатаңдата бермек.

Байланысты жаналықтар

Заңсыз әрекетке қатаң заңмен жауап керек

31.03.2020

Балықшылар неге ұры боп жүр?

30.10.2020

Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

21.04.2020

Балық барымтасымен күрес

22.10.2020

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

16.04.2020

Ақбөкен мүйізін көксегендер құрықталды

18.02.2020
MalimBlocks
Заңсыз әрекетке қатаң заңмен жауап керек

Балықшылар неге ұры боп жүр?

Орманнан қарағай қазып, өз үйіне отырғызбақ болған

Балық барымтасымен күрес

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

Ақбөкен мүйізін көксегендер құрықталды