Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Без рубрики

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

malim Авторы: malim
22.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Үкіметтің сейсенбідегі дәстүрлі отырысында еңбек нарығы мен халықты әлеуметтік қорғау мәселесі және қозғалды. Карантин күшейіп, індет өршіп тұрғанына қарамастан жұмыспен қамту дегендей мәңгілік мәселенің қазіргі тар жол, тайғақ кешуде ұмыт қалмауының себебі түсінікті. Біріншіден, мемлекет пен билік қандай жағдайда да халық қауіпсіздігін қорғауға, адамдардың өміріне қауіп-қатер төндірмеуге  конституциялық жауапкершілік алған. Екіншіден, індет елге келген сәтте-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс орынын сақтау, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды барынша қолдауға тапсырма беріп, атқарушы билікке ширақ қимылдауды ашып айтқан. Осыдан болар үкімет апта сайынғы дәстүрлі отырысында әлеуметтің әлеуетін сөз етпесе ісі оңға баспайтын болған.

Сонымен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің үкіметте жариялаған есебі бойынша, осы жылдың  6 айында 283 мың адам  і жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасына білек сыбана қатысыпты.

«Еңбек» бағдарламасы жұмыс күшін тиімді пайдалануда ішкі көші-қонға да оң ықпалын тигізіп жатыр екен. Мәселен, халқы тығыз, жұмыс табу қиын оңтүстіктің  3019 тұрғыны еңбек күші жетіспейтін теріскей аймаққа көшіп барған. Яғни, «Еңбек» бағдарламасы арқылы 853 отбасы қоныс аударған.

Сондай-ақ, министрлік таратқан мәліметке қарағанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін кәсіп меңгеру үшін қысқа мерзімді оқу курстарына 7,2 мың адам қатысқан. Ал жылдың соңына дейін 20 мыңға жуық азамат жаңа кәсіп меңгеріп, тегін білім алмақ.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 17,6 млрд. теңге сомасына 3 931 микрокредит берілді, оның ішінде 4 165 жұмыс орнын ашқан ауылдық кәсіпкерлерге 14,6 млрд. теңгеге 3 687 микрокредит берілді» дейді министрлік.

Tags: еңбекжұмыспен қамту

Ұқсас жазбалар

“Азаттық” тілшісі Қазис Тоғызбаев өмірден өтті

Авторы: malim
28.02.2021
0

Бүгін Azattyq радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев өмірден өтті. Azattyq-тың жазуынша,  Қазис Тоғызбаев осыдан бес күн бұрын Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасынан...

Фото: Қазақпарат

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Авторы: malim
26.02.2021
0

Қазақстанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын ресми түрде мерекелеу басталды. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы...

Ит ату – шенеунікке тиімді

Авторы: Айшолпан КЕРІМ
25.02.2021
0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі  таныстырғанда осы мәселе басты...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ҰТБ-ға енді калькулятор алып кіруге болады

02.06.2020

Қытай Қазақстанға медицина қызметкерлерін көмекке жіберіп жатыр

07.04.2020

Суреткер билікке жақын болмауы керек (видео)

09.09.2020

Солтүстікте ауыл мен көше аттары қазақыланады

14.01.2021

Ақжүрек Таңатаров сабырға шақырды

08.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!