Былтыр елімізде кәсіпорындар жұмысшылардың 4,5 млрд теңге жалақысын бермеген

Одан бөлек, 8 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы тіркелген

Мәди Саматұлы

  • 13.01.2025

2024 жылы елімізде 296 кәсіпорын 18,8 мың жұмысшыға 4,5 млрд теңге көлемінде жалақы берешек болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жылды қорытындылаған мемлекеттік еңбек инспекторлары осындай мәлімет берді. Сонымен бірге, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексеру барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталған.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 251 ұйғарым беріліп, 51 млн-нан астам теңгеге айыппұл салынған.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді, деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдемесінде.

Бұдан басқа, былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету бойынша 5 577 тексеру жүргізген. Оның барысында 8 122 заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде: еңбек саласында – 6 219; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 835; халықты жұмыспен қамту бойынша – 68.

Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқығы қорғалған.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025

20 млн теңге жалақы алатыны мәлім болған соң Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

29.03.2025

Тоқаев түрмедегі балалы әйелдердің мәселесін қарауды тапсырды

14.03.2025

19 кәсіпорын 1,2 мыңнан аса жұмыскеріне жалақы төлемеген

11.03.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады

20 млн теңге жалақы алатыны мәлім болған соң Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

Тоқаев түрмедегі балалы әйелдердің мәселесін қарауды тапсырды

Заң алдында бүкіл азамат тең болғанымен кәмелетке толмаған баласы бар әйелдердің жағдайымен санасу қажет

19 кәсіпорын 1,2 мыңнан аса жұмыскеріне жалақы төлемеген

Еңбек құқығын бұзудың 995 фактісі анықталды