Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Қазақстанда 2025 жылғы жаз мезгілінде 3,1 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылатын болады, деп хабарлайды Malim.kz
Бағдарлама аясында 500 мыңнан астам бала әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан, ал тағы 10 мың бала «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен тегін демалуға мүмкіндік алады.
Жазғы демалыс мазмұны алуан түрлі бағыттарды қамтиды:
еңбек және шығармашылық белсенділік,
туристік және танымдық маршруттар,
зияткерлік әрі білім беру жобалары,
халықаралық форумдар мен жобаларға қатысу.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру ісі 9 мемлекеттік органның қатысуымен жасалған бірыңғай жоспар аясында жүзеге асады. Осыған байланысты республика және өңірлік деңгейде арнайы штабтар құрылып, жұмыс істейтін лагерьлердің толық тізімі жасалды.
Қауіпсіздік шаралары басты назарда: санитарлық талаптардың орындалуы, тағам сапасы, судағы, ормандағы және спорт алаңдарындағы қауіпсіздік күшейтіледі. Ата-аналар мен балалар үшін арнайы жадынамалар мен нұсқаулықтар әзірленіп, таратылатын болады.
Өңірлерде жүзеге асырылатын ірі жобалардың қатарында:
- «Киелі Шығыс», «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм» және «Қонақжай отбасы» сияқты бірегей бастамалар бар.
Жоспарға сәйкес, жаз бойы:
- 16 жыл бойы жұмыс істейтін лагерь,
- 188 маусымдық лагерь,
- 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь (бірқатарында тамақтану қарастырылған),
- 512 шатырлы және киіз үй лагері кезең-кезеңімен ашылады.
Фото: gov.kz


Ең көп оқылған
