«Көрісу» дәстүрі – мемлекеттік мерекеге айналмақ

  • 13.02.2020
  • Алмас НҮСІП

Қазақстанның мерекелік күндерінің қатары тағы бір датамен толықпақ. Бұл туралы Қазақстан үкіметі арнайы қаулы дайындады деп хабарлайды Malim.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес жаңа мереке 14 наурыз күніне бекітілмек.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», - делінген қаулы жобасында.

Бұл жоба өткен жылғы 10 сәуірден бері дайындалған.

«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», - деп мәлімдеді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Көрісу күнінде адамдар бір бірімен амандасып, «жасың құтты болсын!» деп тілек айтады. Бұл күні өткен өкпе-реніш ұмытылу керек деп есептеледі. Көрісу күні – Амал мерекесі деп те аталады. Негізінен еліміздің бастыс өңірінде сақталған.

Фото: ktk.kz

Байланысты жаналықтар

"Парламент сөзі" Бейсен Құранбектің жарына табысталды

30.10.2020

Даниярды министр құттықтады

28.11.2020

Қатонқарағайда Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш қойылды

25.09.2020

Атақты хирург Алмас Ормантаев қайтыс болды

13.12.2020

Әнес Сарай қайтыс болды

02.02.2021

Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

25.06.2021