Б. Тілеухан: Жағымпаздықтың үш түрі болады...

Malim Админ

  • 20.08.2020

«Асыл арна» телеарнасының «Маңызды мәселе» бағдарламасында қонақ болған мәжіліс депутаты Бекболат ТІЛЕУХАН мен Мұхамеджан ТАЗАБЕК қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, саяси жағдайды талқылайды. Сонда өздерін жағымпаздар дейтіндерге де жауап береді.

Бекболат Тілеухан: «Жағымпаздықтың үш түрі болады. Бірінші түрі – бір бастыққа жағыну. Соған жағынып, көңілінен шығып, бір жақсы орын алу. Сөйтіп, пайда табу, служебный машина міну, тендер ойнату дегендер болу мүмкін.
Екінші жағымпаздық – байға жағыну. Соның көңілінен шығып, анекдот айтып күлдіресің бе, көкейіндегі нәрсені айтасың ба, әйтеуір бірдеңе қылып, жаңағыдан бес-он теңгені қағып қалу.
Үшінші бір жағыну бар, Мұқа. Қорқынышты жағыну. Ол – көпке жағыну. Көптің көңілінен шығамын деп, оның зиянына сөз айту. Көп эмоцияға беріліп кетеді. Өйткені Абай айтпақшы Сократқа у берген, Жанна Даркты өртеген, Исаны дарға асқан, Мұхаммед (салаАллаһу әлейһи уә сәләм) пайғамбарды түйенің жемтігіне көмген кім дейді? Көп дейді. «Ебін тап та, жөнге сал». Билік қазір ебін таба алмай жатыр. Ал қазір билікті сынау керек болса. Біздің қазіргі кей шенеуніктердің жасап жатқан қадамдары сатқындық, я зұлымдық», - дейді депутат.

Байланысты жаналықтар

Вакцина пандемияны тоқтата ала ма?

01.02.2021

Әліпбидің әлегі

24.03.2020

Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

02.02.2020

Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

29.04.2020

Сараң Безос жерді құтқаруға $10 млрд бөлді

18.02.2020

Қытай вирусты жеңбесе, Токио олимпиадасы өтпейді

10.02.2020
MalimBlocks
Вакцина пандемияны тоқтата ала ма?

Әліпбидің әлегі

Сондерс: «Жоғал, сары ақымақ!»

Коронавирусты қайталап жұқтыру мүмкін бе?

Сараң Безос жерді құтқаруға $10 млрд бөлді

Қытай вирусты жеңбесе, Токио олимпиадасы өтпейді