Праймеризге келген жастар билікті ішінен өзгертеді деп сенемін – Бағдат Қожахметов

Malim Админ

  • 20.08.2020

Белгілі медиа-менеджер, «Nur Otan» жақтастары лигасының мүшесі партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен болған кездесуде праймериз мүмкіндіктерін талқылады.

Қожахметовтің айтуынша, праймериз – ел билігіне өзгеріс әкелетін жастарды іріктеуге берілген үлкен мүмкіндік. Оның үстіне, цифрлық технологиялар арқылы дауыс беру – сайлаудың әділ өтуіне сенім тудырады дейді ол.

«Праймериз – өте үлкен тарихи мүмкіндік. Праймериздің арқасында билікке жастар мен қыздар арасынан белсенді, ақылды азаматтар мен азаматшалар келіп, билікті ішінен сапалы түрде өзгертеді деп сенемін. Бауыржан Қыдырғалиұлы, сіз жаңа дауыс берудің цифрлық жүйеде жүзеге асатыны туралы айттыңыз. Шынын айтсам, мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Бұған дейін дауыс беруге қатысты менде күмән болған. Көпшілік бұрынғыдай қалыптасып кеткен дәстүрмен, әкімнің немесе жергілікті беделділердің айтқанын істеп, сөзін солар айтқан үміткерлерге дауыс беруге ілесіп кете ме деп ойлағанмын. Сіздің сөзіңізден кейін цифрлық технологиялар арқылы 840 мың адам жабық түрде өз даусын беріп, пікір білдіре алатыны қуантып отыр», - деді Бағдат Қожахметов.

Кездесу барысында праймериз үміткерлерінің партияға сенім артып отырғанын алға тартқан партия Төрағасының бірінші орынбасары дауыс берудің ашық және шынайы өтуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынын мәлім етті.

Іс-шараға барлық өңірлерден 50-ден астам тәуелсіз бірлестіктердің өкілдері қатысты, олардың арасында Ерлан Саиров, Бағдат Қожахметов, Әлия Садырбаева, Марат Шибутов, Марал Ерғазина, Ильмар Хусаинов бар.

Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.

Толық ақпаратты https://primaries.kz/ сайтынан біле аласыздар

 

Байланысты жаналықтар

Цой ақшаға, ал Қожахметов тегін жұмыс істейді

27.08.2020

Ресейлік вакцина сынағына қатысқандар вирус жұқтырды

28.10.2020

Өздерінің «Nur Otan» партиясының мүшесі екенін білмейтіндер бар

26.09.2020

«Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті

02.10.2020

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

27.10.2020

Расул Жұмалы билік партиясының жеті қырын атады

05.06.2020
MalimBlocks
Цой ақшаға, ал Қожахметов тегін жұмыс істейді

Ресейлік вакцина сынағына қатысқандар вирус жұқтырды

Өздерінің «Nur Otan» партиясының мүшесі екенін білмейтіндер бар

«Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

Расул Жұмалы билік партиясының жеті қырын атады