Волонтерлер лигасы мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға қатысуға үндейді

Malim Админ

  • 04.09.2020

Ерекше табандылық пен үлкен жауапкершіліктің жарқын үлгісі! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде отандастардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қазақстандықтардың бірігуін осылай бағалады. Қазақстан халқына Жолдауында Президент осы қиын уақытта бір-біріне көмек қолын созудың қаншалықты маңызды екенін еске салып өтті.

«Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Осы қиын сәтте біздің тату халқымыз бірікті. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елбасының бастамасымен Birgemiz қорының қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы бірреттік қаржылай көмек алды. Қозғалыс белсенділерінің арасында қазақстандық еріктілер лигасының мүшелері де болды. Олар жеткен жетістіктерімен тоқталмайды. Бүгін жастар Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жаңа жобаның басталғанын мәлімдеді.

«Ашық жүрек» жобасы барлық ниет білдірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің миссиямыз әлеуметтік белсенділік, Волонтерлік қызметті таныту, қоғамдық-мәдени дамудың идеялары мен қағидаттарын танымал ету, оларды адами қасиеттермен таныстыру арқылы дамыту болып табылады. Біз қатарымызға 20 000 волонтерді, қайырымды азаматтарды қосуды мақсат етіп қойдық», - деп Қазақстан волонтерлері лигасының үйлестіру кеңесінің мүшесі Азиз Кажденбек жоспарларымен бөлісті.

Ауқымды жұмыс аясында 17 өңірде жаңа үйлестіру орталықтары ашылады. Әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалада «Birgemiz» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында 7 бағыт бойынша жобалар ұйымдастырыладыі. Ай сайын еліміздегі ең үздік 17 волонтер таңдалады.

«Бүгін біз шағын гранттар байқауын бастаймыз. Олардың жалпы саны - 107. Гранттар сомасы 300 мың теңгеден басталады. Конкурсқа жеке тұлғалар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Тек liga.org.kz платформасында тіркелу қажет. Толығырақ әлеуметтік желілердегі Еріктілер лигасының беттерінде де қолжетімді болады», - деді спикер.

Байланысты жаналықтар

«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»

03.03.2020

Қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауды өзгертуі керек

04.09.2020

Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге бөлінеді

04.09.2020

Ерікті: Бірде-бір ИВЛ жоқ, оттегі балондарын тасып жүрміз

12.07.2020

Атыраудағы еріктілер: Ең қиыны – қаралы хабарды естірту

15.07.2020

Атыраулық ерікті: Біз енді қанша күн шыдаймыз?..

14.07.2020
MalimBlocks
«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»

Қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауды өзгертуі керек

Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге бөлінеді

Ерікті: Бірде-бір ИВЛ жоқ, оттегі балондарын тасып жүрміз

Атыраудағы еріктілер: Ең қиыны – қаралы хабарды естірту

Атыраулық ерікті: Біз енді қанша күн шыдаймыз?..