Әйел елуге келгенде күйеуіне тоқал алып беруі керек

  • 09.09.2020
  • Malim Админ

Жазушы Роза МҰҚАНОВА елуге келген әйел күйеуіне тоқал алып беруі керек дейді. Бұл туралы қаламгер Qazaqstan  телеарнасының Niet бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Әйел адамның өзінің биологиялық мүмкіндігі бар. Баяғы да қырық жастағы апаларымызды сары қарын бәйбіше деген. Себебі жас кезіндегідей қозғала алмайды. Әйел елуге келгенде қартаяды. Мүмкін сырт келбеті әдемі шығар. Бірақ биологиялық тұрғыда қартаяды. Оған келісу керек. Кеше президентіміз жолдауда айтып жатыр. Біздің қазақтың алты отбасының бірі ұрпақсыз отыр екен. Соған қаражат бөлінді. Жастарды қолдау керек, ұрпақ көбею керек деді президент. Жалпы, әйел адам ұрпағымен бақытты. Сондықтан әйел адам елуге клегенде еріне екінші әйел алуға рұқсат беру керек. Елу жаста ер адам жас. Екінші әйел деген не? Екінші әйел деген отбасының тілеулесі. Ертең сен қисайып қалғанда отбасыңды жетелейді. Күйеуіңе жесірлікті, балаларыңа жетімдікті көрсетпейді. Алайда, біздің қоғам оған дайын емес», - деді жазушы Роза Мұқанова.

Жазушы айтқандай президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ биылғы жолдауында  елдегі баласыздық прлблеманы айтқан-ды. Сол үшін 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған. Яғни ЭКО бағдарламалары арқылы квота саны 7 мыңға дейін өседі. -ды.

«Отбасы-демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек", - деген еді  президент жолдауында.

Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Boxrec.com: Головкин Әлиден озды

17.05.2021

Латынға көшу – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

11.03.2021

«Халық арна» тек діни арна емес екен 

07.11.2020

Путинге жауап: Аштықтың құнын төлесін

24.06.2020

«Құс қанаты» кезіндегі «Көшпенділер қаласы»

31.03.2021

Ақын Қазыбек Иса депутат болады

12.01.2021