Батыс Қазақстанда карантин қайта басталды. Неге?

  • 13.09.2020
  • Malim Админ

БҚО-ның Теректі ауданы Федоров ауылында карантин жарияланды. Аудан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 22-ге жетсе, соның 17-сі Федоров ауылынан шыққан. Осыған байланысты аудандық бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, 12 қыркүйектен бастап аудан орталығы аумағында карантин жарияланды.

Жасы 65-тен асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығуға шектеу қойылды. Сондай-ақ бөлшек саудамен айналысатын дүкендерді қоспағанда, ірі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар, сауда желілері, қоғамдық тамақтандыру және спорт нысандары, саябақ, сквер және басқа демалыс орындарының қызметі тоқтатылды.

Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың, Теректі ауданының тіршілігін қамтамасыз етуге жауап беретін ұйымдардың көлігін қоспағанда, кез келген көліктің қозғалысы сағат түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін шектеледі.

Карантин кезінде ұжымдық, отбасылық туған күн, үйлену тойы, құдалық, тағы басқа барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынады.

Байланысты жаналықтар

Карантин қайта енгізілуі мүмкін

28.09.2020

Ұлттық қордан алынатын қаржы кедей-кепшікке жете ме?

30.03.2020

Біз ешқашан 42500 теңге жетеді деп айтпадық

14.07.2020

Мамин балықты көп жеу керектігін айтты

18.08.2020

Президентті қолдау керек

10.07.2020

Дәрігер Біртановқа: Молдағасымованы арашалауды доғарыңыз!

04.06.2020