"Хабар" Айсұлтан жайын Абаевтан сұрады

Malim Админ

  • 13.02.2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ бүгін кешке "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында сенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ ұлы Айсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жайын сөз етті. Министр Айсұлтанның Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларын  ашып айтпаса да, жұртты "жел сөзге ермеуге" шақырды. Сондағы министрдің бағдарлама соңында айтқаны мынау:

- Дәлелсіз ақпараттың бүтін бір елдің абыройына нұқсан келтіргенін көріп жүрміз. Бірақ бұның артында жымысқы ой, пайда көру ниеті тұрады. Және бұндай мысалдар соңғы уақытта біздің елде де көбейіп келді. Оның соңы арандап қалуға әкелуі мүмкін. Айсұлтанға қатысты да осыны айтқым келеді. Ағайын, бұл бірінші кезекте оның анасының трагедиясы. Анаға баласынан қымбат не болуы мүмкін. Кейбіреулер осы оқиғаға елбасын да араластырғысы келеді. Шу жасап, елді дүрліктіруге тырысады. Бірақ халықтың бағына туған жақсымызды қаңқу сөзге қалай қиямыз. Өзіңіз ойлаңызшы. Экономикасы құлдыраған, өндірісі тоқтаған елді 30 жылда қазіргі деңгейге көтеру кімнің қолынан келеді? Қазақ қашанда ел үшін туған ерлерді бағалап, төбесіне көтерген. Абыройын сақтаған. Жел сөзге еріп жақсы істі жоққа шығармайық.

Фото: 24.kz 

Байланысты жаналықтар

Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

12.07.2020

2020 жылы қазақтар Айсұлтанды көп іздепті

30.12.2020

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

24.02.2020

Тоқаев: Митинг рұқсат етілген жерде ғана өтуі тиіс

29.02.2020

Екі адам коронавирустан айықты

25.03.2020

Британдық БАҚ: Айсұлтан Назарбаев Лондонға он күн бұрын келген

17.08.2020
MalimBlocks
Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

2020 жылы қазақтар Айсұлтанды көп іздепті

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

Тоқаев: Митинг рұқсат етілген жерде ғана өтуі тиіс

Екі адам коронавирустан айықты

Британдық БАҚ: Айсұлтан Назарбаев Лондонға он күн бұрын келген