COVID-19 жемқорларды көбейтті

Malim Админ

  • 14.09.2020

Пандемия кезінде жемқорлық күшейіп кеткен. 60-тан астам елдің азаматтары гуманитарлық көмектерді тарату мен карантиндік шаралар кезінде, коронавирустан емделу уақыттарында жемқорлыққа жиі тап болғандарын айтқан. Бұл туралы Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымы хабарлады.

«Қаңтардан бері 60-тан аса мемлекетте қызмет ететін Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымының заң орталықтарына COVID-19 пандемиясымен байланысты жемқорлыққа қарсы 1500 шағым түскен. Италиядан бастап, Венесуэла, Гана мемлекеттеріне дейін көптеген елдерден келген шағымдарда гуманитарлық көмекті тарату кезінде, карантин уақытындағы қозғалыс кезінде, ем қабылдап, тесттен өткен уақыттарында пара алу мен протекционизмге тап болғандарын жазған», - дейді хабарламада.

Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымы менеджері Элисон Мэтьюз COVID-19 пандемиясын коррупция кризисі деп атады.

«COVID-19 – тек денсаулық сақтау, экономика саласындағы кризис емес. Бұл коррупция кризисі. Бұдан ең әлсіз, әлеуметтік жағдайы қорғалмаған тұрғындардың зардап шеккенін көріп отырмыз. Олардың ішінде қатардағы медқызметкерлер де бар. Биліктегілер өз адамдарын сүйрейді. Бұл қарапайым халықты қажетті қызмет пен көмектен айырды», дейді Элисон Мэтьюз.

Сонымен қоса, дәрі-дәрмек саласындағы жемқорлық та қоғамға теріс әсер еткенін айтты.

Transparency International халықаралық құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Дэниел Эрикссонның сөзінше, жемқорлар пандемияны қалталарын толтыру үшін жақсы пайдаланып кеткен.

«Жемқорлар COVID-19 пандемиясын жақсы пайдаланды. Халық жемқорлар туралы айтуға толық хақылы. Біздің міндетіміз адамдардың үмітін жоғалтпау. Біз бірге болғанда ғана жеңеміз. Ал жемқорлықтан жүйені өзгерткенде ғана құтыламыз», - деді Эрикссон.

Байланысты жаналықтар

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

26.03.2021

Вакцина пандемияны тоқтата ала ма?

01.02.2021

"Новичок" уын жасағандар COVID-қа қарсы препарат шығармақ

26.01.2021

Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

04.01.2021

Сауалнама: Ковидке қарсы вакцина салдырасыз ба?

29.12.2020

Жаңа коронавирус келе жатыр

28.12.2020
MalimBlocks
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Вакцина пандемияны тоқтата ала ма?

"Новичок" уын жасағандар COVID-қа қарсы препарат шығармақ

Аязды күні масканы қалай таққан дұрыс?

Сауалнама: Ковидке қарсы вакцина салдырасыз ба?

Жаңа коронавирус келе жатыр