Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілген:
- Ел азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасына COVID-19 әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар ұйымдастыру;
- Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар ету;
- медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыру;
- Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық ЖОО-лар мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканың басталуы алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде жіберіледі.
Сондай-ақ, төртініші тоқсанда республиканың барлық өңірінде республиканың барлық өңірлерінде 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
- тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:
- жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.
Жаңа қаулыға сәйкес, КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі.