"Новичок" уын жасағандар COVID-қа қарсы препарат шығармақ

Malim Админ

  • 26.01.2021

«Новичок» уын жасаған адамдардың бірі COVID-қа қарсы препарат шығармақшы.

Аты шулы «Новичок» уын жасағандардың бірі Леонид Ринк жақын уақытта COVID-19 вирусына қарсы «Иммофон» препаратын шығаруды жоспарлауда. Ол бұл жөнінде РИА Новости басылымына берген сұхбатында айтты.

Ринктың сөзінше, препарат клеткаларды қалпына келтіреді және коронавирустан өзге де ауруларға қарсы пайдалануға болады.

«Препарат вирустық ауруларға қарсы жұмыс істейді. Клеткаларды қалпына келтіреді. Яғни цитокиндік дауылдың (иммунитет өз ағзасының көзін жою) алдын алады. Жаңа препаратты коронавирустан өзге ревматойлық артрит, псориаза, аллергияға қарсы пайдалануға болады», - дейді Ринк.

Айта кететін бір жайт, қазір Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник В» вакцинасына қатысты халық пікірі екі бөлінген. Бірі вакцинаны салдыру керек десе, енді бірі жаппай вакцинацияға қарсы.

«Новичок» уы 1970-1990 жылдары аралығында Кеңес Одағы мен Ресейде шығарылған. 2018 жылы Ұлыбританияның Солсбери қаласында бұрынғы ГРУ қызметкері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль дәл осы «Новичокпен» уланған. Кейіннен бұл оқиға халықаралық дауға ұласқан.

Қаңтардың 17-і күні Мәскеу әуежайында ұсталып, 30 күнге қамауға алынған ресейлік опппозициялық саясаткер Алексей Навальныйда «Новичоктан» уланған.

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді