Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

Malim Админ

  • 21.09.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықпен күрестің жаңа жолын ойлап тапқандай. Енді жемқорлықпен күдікке ілінген шенеуніктердің қолына электронды білезік тағылады. Электронды білезікті бүгін агенттіктің тікелей эфирінде Алик Шпекбаевтың цифрландыру мәселелері бойынша кеңесшісі Аслан Құсайынов таныстырды.

Бұл білезік арқылы агенттіктің орталық аппараты күдіктінің қайда жүргенін, не сөйлескенін – бәрін бақылай алады. Үй қамаққа қамалған шенеуніктің үйіне арнайы модуль орнатылады. Егер күдікті белгіленген периметрден шығып кетсе, білезік шиқылдап ескертеді. Оны күдікті өзі шеше алмайды. Егере шешетін болса, не соған талпынса, қылмыстық жацапкершілікке тартылады. Себебі білезік сот шешімімен тағылады.

Білезік Қазақстанда шығарылған. Біреуі 50000 теңге тұрады. Республикалық бюджеттен ақша бөлініп, келер жылға қажетті мөлшер сатылып алынбақ. Келесі жылға қанша білезік алатыны жыл соңында айтылады.

«Күдікті адамды біздің агенттіктің қызметкерлері тәуліктің кез келген уақытында мазалай алады. Қайда жүрсе де, кіммен сөйлесе де. Бұл білезік бір орталықтан бақыланады. Ақша шығынын, уақыт шығынын үнемдейді. Білезік пен модуль үйінде тұрады. Егер модульдан алыстап кетсе, білезік тағып жүрген адамға ескертпе келеді, өз периметрінен шықпауы керек. Ол хабар орталық аппаратқа да келеді. Бұл білезік сот шешімімен қолданылады. Білезікті қанша уақыт тағып жүретінін де сот шығарады», - деді Аслан Құсайынов.

Байланысты жаналықтар

Білім мен ғылым жолы – адал жол

13.11.2020

Аймағамбетов "жемқорлықпен ұсталған" орынбасары туралы айтты

27.08.2020

Бес министр отставкаға кете ме?

29.01.2021

Халыққа бөлінген ақшаны депозитке салған

03.03.2020

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

23.04.2020

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020
MalimBlocks
Білім мен ғылым жолы – адал жол

Аймағамбетов "жемқорлықпен ұсталған" орынбасары туралы айтты

Бес министр отставкаға кете ме?

Халыққа бөлінген ақшаны депозитке салған

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?