Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады

Malim Админ

  • 14.08.2024

Биыл жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер аясында шамамен 195 млрд теңге өндірген.

Соңғы 2,5 жылда олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Бұған дейін Агенттік залалды өтеу ретінде Қайрат Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы хабарлаған еді.
Соның негізінде Алматы қаласындағы құны 7,9 млрд теңгеден асатын «Kaisar Tower» бизнес-орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің меншігіне өтті.

Сонымен қатар, Т. Жүргенов атындағы «Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ теңгеріміне құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат берілді.

Астанада құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім сарай мүгедек балаларға арналған Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-ге табысталды. 

Сонымен қатар, Австриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Түркиядан 2,2 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге қайтарылды.

Бұдан басқа, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталған Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Т. Тоқтабаевтан Қостанай облысындағы құны 5,6 трлн теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар «Шевченковское» кен орны мемлекет меншігіне алынған.

 

Фото: pixabay
 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

28.04.2025

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

21.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

25.03.2025

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

12.12.2024
MalimBlocks
Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық істе күдікті деп танылды

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

Үкімет активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді