freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады

Қоғам
Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады
Depozitphotos

"Қазгидромет" синоптиктері 14, 15 және 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ыстық сәл де болса басылады, ал елдің оңтүстігі мен шығысында өте жоғары температура сақталады.

Солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Ұзаққа созылған ыстықтан кейін солтүстік өңірлерге солтүстік-батыс циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер ете бастайды. 15-16 шілдеде мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жауын күтіледі, бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін.

Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Күндіз синоптиктер 25-30 градус жылы болады деп болжайды.

Оңтүстікте 45 градусқа дейін аптап сақталады

Ал оңтүстік және шығыс өңірлер Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалында қалады. Күндізгі уақытта термометр бағандары елдің оңтүстігінде 40-45 градус аптапты, шығысында 33-38 градус ыстықты көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу