freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында демалыс күндері су айдындарында бес адам қаза тапты

Оқиға
Ақмола облысында демалыс күндері су айдындарында бес адам қаза тапты
Фото: pixabay

Олардың үшеуі – балалар, екеуі – ересек адамдар. Өңірдің құтқарушылары суға шомылушылар арасындағы қайғылы статистикаға байланысты дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

«Олардың біреуі суға батып көз жұмса, тағы төрт адам су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың салдарынан қаза болды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиғалар Көкшетау қаласындағы, сондай-ақ Аршалы, Целиноград және Астрахан аудандарындағы шомылуға тыйым салынған жерлерде болған.

Бұдан бөлек, шомылу маусымы басталғалы бері өңірдегі су айдындарында 15 адам қаза тапқан. Оқиғалардың негізгі себептері – мас күйінде суға түсу, жабдықталмаған орындарда шомылу және өз мүмкіндігін дұрыс бағаламау.

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және тек арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға шақырды. Мамандардың айтуынша, су қателікті кешірмейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу