freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарызы бар азаматтарға арналған жаңа онлайн сервис пайда болды

Экономика
Қарызы бар азаматтарға арналған жаңа онлайн сервис пайда болды
Фото: pixabay

Қазақстандықтар қарызды қайта құрылымдауға енді бір сайт арқылы өтінім бере алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандықтар енді бірнеше банк алдындағы берешегін қайта құрылымдау үшін Finkelisim.kz платформасы арқылы онлайн өтінім бере алады. 

Аналитикалық орталықтардың мәліметінше, қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы шамамен 1 триллион теңгені құрайды. Қаржы ұйымдары мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық агенттіктердің қызметіне жүгінеді.

Бұған дейін бірнеше банкке қарызы бар азаматтар әр қаржы ұйымына жеке-жеке өтініш беріп, қажетті құжаттарды жинауға мәжбүр болатын. Енді Finkelisim.kz сайты арқылы бір ғана өтінім жолданса, ол автоматты түрде барлық кредиторға жеткізіледі.

Алайда платформаны пайдалану үшін бірқатар талап сақталуы қажет. Атап айтқанда, өтініш берушінің кемінде екі банк алдында берешегі болуы тиіс.

Сонымен қатар қарыз 90 күннен астам уақыт төленбей, жалпы сомасы 648 мың теңгеден 7 миллион теңгеге дейін болуы қажет. Егер қарыз көлемі бұл межеден төмен болса, азаматтар мәселені тікелей банк арқылы шешуі керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу